понедельник, 14 октября 2019
,
USD/KZT: 383.34 EUR/KZT: 431.45 RUR/KZT: 5.89
Токаев встретился с участниками НСОД Две трети машин в Казахстане старше 10 лет Тайфун «Хагибис» в Японии: 45 погибших, сотни раненых и миллионы эвакуированных Помощь малому бизнесу за год сократилась на четверть Еще одна жертва Арыси 70 процентов таджиков живут за счет денег из-за границы Премьер – президентам пример Бишимбаев вышел на свободу Перейдем на российское Учителей заставляют читать книги президента Дело Атамбаева продлено до 1 ноября Налоговых поступлений в бюджет стало больше Серик Кудебаев от работы не отстранен КНБ подтвердил приговор Константину Сыроежкину В Алматы открылся турнир «Мемориал Дениса Тен» Это – фейк Цены на нефть упадут? Кого посадят за хищения LRT? Еще один конфликт с иностранными рабочими Объем безнала побил новый рекорд Зять сдал, зять принял Константину Сыроежкину дали 10 лет? Елжан Биртанов: приоритет детям и профилактике Сергей Лавров: мы не видим альтернативы Минским договорённостям. Полиция Караганды ищет стрелка

Қазақтың ұлттық идеясы турасында

РАС-КАЗ.2-2 Дүниедегі қандай да мемлекет үшін ұлттық идеяның маңызы орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Әсіресе, Қазақстан секілді жас, буыны әлі қатып үлгермеген мемлекет үшін. Алайда жиырма үш жыл бойы біз “алдымен экономика, содан кейін саясат” деген ұстанымда болдық. Осының себебінен болар, ұлттық құндылықтар, ұлттық болмыс, руханият, адамгершілік деген маңызды дүниелер шетте қалып қойды. Аға буын мен кіші буынның арасы алшақтап, көбіне материалдық құндылықтар алға шығып, тұтынушылық қоғам пайда болды десек артық айтқандық емес. Нәтижесінде мемлекеттің болашағын құрайтын аса қажетті алғышарттардың әлсіздігі елімізді де осал етуде. Әрине, аталмыш мерзім аралығында билік жақтан да ұлттық идеяны жасақтауға байланысты біраз ұсыныстардың болғаны рас.  Олардың қатарында, «қазақстандық ұлт», немесе «үш тілділік», «қазақ алфавитын латынға көшіреміз» деген бастамалар көбіне жалаң идея ретінде нақты мазмұнмен толықпаған науқаншылдықпен аяқталғаны белгілі. Жалпы, әлемдік тәжірибеге назар аударатын болсақ, дамыған мемлекеттер, алға шыққан өркениетті қоғамдар, олардың дамуының бірден-бір негізі идеологияда жатыр. Яғни экономикасында, табиғи байлықтарында не саясаткерлігінде  емес, сол қоғамды жайлаған рухани құндылықтарда. Мәселен, Америка Құрама Штаттарындағы негізгі идея ол - «америкалық өмір салты», «америкалық арман-мұрат». Барак Обама сияқты кедей отбасынан шыққан адамдар президентікке қол жеткізуі мүмкін, немесе, Форд сияқты өте кедей отбасынан шыққан жігіттің жүре келе, америкалық демократияның негізінде ең бай азаматтардың санатына енуі. Немесе Жапонияны алайық. Осыдан 60 жыл бұрын, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол күйреп жатқан, халқының тоз-тозы шыққан, бар нәрседен түңілген мемлекет еді. Алайда, алға қойған ұлттық идеясы - білім алу, бәсекелестікке қабілетті болу, технологияларды дамыту арқасанда санаулы жылдардың ішінде гүлденген де құдіретті державаға айналды. Бүгінгі таңда, олардың жеткен жетістігін көріп отырмыз. РАС-КАЗ 3-3 Десе де, бұл іс белгілі бір топтың билікке келіп кез-келген идеологияны ұсына салуымен шешіле салмайтыны анық. Идеология - белгілі бір уақытта пісіп жетілетін, тек қана билік емес, интеллектуалды көзі ашық азаматтар, зиялылары бірігіп жасақтайтын, халықтың көңілінен шығатын, жалпыға бірдей рухани құндылықтар жиынтығы. Өкінішке орай, бізде ондай идея әлі күнге шейін жасақталған жоқ. Әрине, бұл тұста кейбір келеңсіз де артқа жетелейтін жәйттерді меңземейміз ғой. Кезінде режиссер Болат Атабаев «бізде ұлттық идея бар, ол – жемқорлық» деген болатын. «Жас баладан, еңкейген кәріге дейін бар болса, пара аламыз, мүмкіндік болмаса, пара береміз» деген еді. Әрине, бұл келеңсіз, десе де қалжынтарлық жәйт. Нәтижесінде Қазақстан дамыған сайын, қоғамы да тұтастана, бір жұдырыққа жұмылудың орнына барған сайын өзара оқшауланып, ажырап бара жатыр. Басқаларды бұлай қойғанда бүгінде қазақтың өзі қазақ тілді мен орыс тілділер, бай мен жарлы, қалалық пен ауылдық, дәстүрлі дінімізді ұстанушылар мен кірме ағымдардың жетегінде кеткендерге, т.б. бөлінген. Ара-арасында әсіресе соңғы жылдары ұлттық тұтастыққа нұқсан келтіретін рушылдық, жүзге бөліну, жерлестік секілді ұғымдарды қосыңыз. Бұның себептері аз емес, бірақ негізгілерінің бірі нақ сол ұлттық идеяның жоқтығы. Бәлкім, қазіргі саясатымыздың көрінісі осындай болар, бәлкім, нарық заманында ақша мен пұлға басымдық берген қоғамның қажеттілігі осындай шығар. Алайда, зиялылардың, ағартушылардың нарық заманында тың ойларды ортаға сала алмауы, ұлттық болмысты құрайтын өнер, әдебиет мәртебесінің тым төмендеп кетуі руханиятты да әлсіретіп жіберді. Айталық, біз Кеңес заманын көп сынаймыз, бірақ сол тоталитарлық кезеңнің өзінде  профессорлар, ұстаздар, ғылым өкілдері жоғары мәртебеге ие болып, ықпалы күшті болды. Тіпті ол кездегі Жазушылар одағын әлдебір балама Саяси бюроға айналып, биліктің соңынан жүрмеген, өзінің дербес тәуелсіз ойын білдіретін ұжым ретінде есте қалды. Кеште болса, осы келеңсіз мәселелерді қолға алуымыз керек. Ол үшін азаматтық белсенділігін танытпай отырған, биліктен сескеніп, немесе, биліктен жеке қара басының қамы үшін белгілі бір мүмкіндіктерді күтіп отыру секілді ұстанымдардан қол үзуіміз керек. Егер осындай жағдайлар жалғаса беретін болса, ұлтқа, мемлекетке зиян келтіретін, оның түбіне жететін осал идеология болуы мүмкін. Әлбетте бізде көп дүние билікке қарап қалған, себебі бар мүмкіндік, мейлі саяси болсын, қаржылық, күштік, экономикалық, ақпараттық, тағысын тағы – бәрі дерлік соның қолында шоғырланған. Тиісінше қандай да балама ойларға жол жоқ, оларды өндіретін орталар жаншылып тасталған. Зиялы қоғам өкілдерінің көбісі  билікке тәуелді, айқанымен жүреді. Өз басымыды толғандыратыны, шын мәнінде билік ұлттық идея жасақтауға ұмтылысы бар ма, әлде жалаң дүниелермен шектелмек пе? Өз алдына үлкен сұрақ. РАС-КАЗ.1-1 Ендігі бір мәселе - ұлттық идеяны жасақтауға қазақтың маңдайына біткен тарихы, жүріп өткен жолы, өркениеті, мәдениеті, әдебиеті азық болмақ. Бірақ өзіміздің бай тарихымызды, өркениетімізді әлі күнге дейін  кәдеге асыра алмай отырмыз. Қайтадан әлемдік тәжірибеге үңілесек, кейбір мемлекеттердің екі жүз жылдық, бес жүз жылдық, ары кетсе, мың жылдық тарихы бар. Әрқайсысы мүмкіндігінше сол тарихының жарқын парақтарының негізінде жаңа идея жасақтауға ұмтылды. Тіпті алысқа бармай, көршілес Ресейді алсақ, олар Александр Невский, Иван Грозный, Петр I сынды тұлғалармен байланысты тарихының жақсы дәуірлерін жаңаша ойлау, түсіндіру арқылы жаңа идеологияны қалыптастыруға ұмтылуда, ұлтжандылық, патриоттық сезімді жасақтауда. Ал, біздің жиырма үш жылдық тәуелсіздігімізде, Абылайхан, Әбілқайыр, оның алдындағы қазақ хандары, оның алдындағы Түрік Қағанаты, тіпті, Алтын Орда, Ақ Орда тарихының өзі соңғы он бес жылда ұмытылды емес пе? Кейбіреулер тіпті қазақтың тарихы 1991 жылдан басталады-мыс деген ой айтуда. Оған дейін бізде мемлекет те болмапты, өркениет те, шекара да болмапты. Аспаннан аяғымыз салбырап, түсе қалыппыз. Ал шынтуайтқа келгенде біздің тарих ғылыми тұрғыдан алғанда Қазақ хандығын жариялаған заманнан емес, кем дегенде Түрік Қағанатының тұсынан саналғаны қисынды. Сол бай да даңқты, көптеген басқа халықтардың қолында жоқ он бес ғасырлық байлығымыз бола тұра, оны пайдаға асырудың орнына, қайта өзімізді-өзіміз кішірейтіп кемсітіп отырмыз. Осындай теңдессіз мирасымыздан қол үзу тіпті қоршаған әлемнің біз жайлы ойын ысырып тастағанда, бүгінгі буын һәм келешек ұрпақ алдында, ата-баба тарихы алдында үлкен күнә. Олай болса, тарихқа жаңаша, саяси тапсырыстан тыс, сырт күштердің жетегінде жүрмейтін, ғылыми көзбен қарайтын кез жетті. Оған біздің мүмкіншілігіміз жетерлік. Мәселе тек саяси күш-жігердің, ұлттық һәм мемлекеттік намыстың жетіспеуінде.    
Оставить комментарий

Антресоли

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33