четверг, 20 июня 2019
,
USD/KZT: 383.34 EUR/KZT: 431.45 RUR/KZT: 5.89
Местные бюджеты станут богаче Быть или не быть АЭС Кайрат Мами: у народа, уважающего порядок, ясное будущее Свыше 1000 человек посетили фестиваль Go Viral В Акмолинской области разбился самолет Узбекистан станет участником Гаагской конференции ФРС оставил ставку на прежнем уровне Дело Текебаева пересмотрит Верховный суд Имена убийц 298 пассажиров рейса MH17 названы Платини свободен Что будет на Kazakhstan Energy Week и Евразийском Форуме Kazenergy? Сегодня в Нидерландах назовут имена виновных в крушении рейса MH17 Выпуск алюминия снизился на 9% В Ашхабаде очереди за продуктами Жомарту Ертаеву продлили арест еще на 2 месяца Трамп пойдет на второй срок Аренда в Берлине станет дешевле чем в Нур-Султане? Мишель Платини задержан Аскар Жумагалиев вновь стал министром Сколько людей задержали во время митингов? С 19 июня на дорогах РК вводится дифференцированный тариф Все продается. И Sotheby’s тоже. Уличные камеры в Душанбе начнут распознавать лица Максат Скаков получил новую должность Казахстанская компания запустила завод по выпуску жидкого азота

«Орыстар ешкімге ештеңе қарыз емес екенін түсінетін кез келді»

Әлеуметтік желілер Ресеймен достық қарым-қатынастың салдарынан туған девальвация жайлы дискуссияларға толы. «АҚШ, Ресей мен Қытай – алып пілдер іспетті, жан-жағында жүрген «тышқан»  мемлекеттерге мән бермейді»,- деп келтіреді метафорасын Досым Сатпаев. Алайда сол алып жаратылыстың табиғаты тышқаннан қорқатынын ескерген жөн.

Шындығына келгенде, дәл осы «піл мен тышқан» жағдайының қалыптасуына өзіміздің тікелей қатысымыз бар. Сайып келгенде барлығы территорияға емес, қабылдауымызға байланысты. Және оның түп төркіні орыс мәдениетінің экспансиясында жатыр.

Қазақ тілді немесе орыс тілді болғанымызға қарамастан, барлығымыздың санамызда екі мәдениетті етене біріктірген орыс өркениеті орын алған. Тіпті қазақ тілде сөйлейтіндердің өзі барлық постсоветтік елдер сияқты Ресей ақпараттық кеңістігінің өнімі. Орыс мәдениеті өркен жайған жер тек Қазақстан емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина мен Латвия елдері. Бұл -саналы түрде ұғынуды қажет ететін шындық.

Ал орыс мәдениеті деген не? Бар ма өзі? Еврей, француз, неміс, қажет десеңіз түркі мәдениетінің көшірмесі емес па?

Бұны түсіну үшін әуелі орыс мәдениеті мен фольклоры арасындағы үлкен айырмашылық бар екенін білу керек. Ондай айырмашылық әр ұлтта бар. Дәл сол сияқты қазақ мәдениеті де тек күй мен айтыс шеңберінде өлшенбейді.

Екіншіден, Ресей жерінде орыстар аз, жыл санап азайып келеді. Ал қалғандары: татарлар, чуваштар, мордвалар, буряттар енді міне қырғыздар мен өзбектер, т.б. Қаласа да, қаламаса да олардың барлығы орыс мәдениетінің тасымалдаушылары мен субъектілері. Әйтпесе олар Ресейде болмас та еді. Осыны отқа май құятын орыстың серкелері түсінсе игі болар. Ал түркі мәдениетіне келер болсақ, бұл жерде маңғол шапқыншылығы маңызы зор оқиға болып саналады. Және нағыз мәдени әрі экономикалық экспансия болып табылады. Маңғолдар артынан жақсы ұйымдасқан үлкен территория қалдырып кетті. Орыстар болса өз кезегінде есе қайтарғысы келіп, біздің территорияны өзінің «бақылау аймағына» айналдырғысы келеді.

Бірақ бұл территория орыс мәдениеті емес, орыс саясатының бақылау аймағы екені ұмытылып жатады. Мәдениет – бізді байланыстырып тұрған жалғыз жіп. Сол үшін де өзімізді «тышқан» сезініп жатамыз. Негізінде, бізді орыстан көрі кеңес одағының мәдени ықпалы бар аймақ деуге саяды.

Мәдениеті билікке қарсы келіп жататын батыспен салыстырғанда, кеңестік Ресей нағыз сорақы дүние жасады - оппонент ретінде мәдениеттің түп тамырын жойды. Осы қылмыстың жазасын әлі тартып келеміз. Биліктің қылмысын өз мойнына алған мәдениеттің онсыз өмір сүруге қауқары жоқ. Биліктің қолпаштауы қаншалықты маңызға ие болғанын байқаған боларсыз? Қоғам немесе өзге елдің талантымызды мойындағаны бізді қызықтырмайды – анасына жәутеңдеген жас сәби сияқты билікке қарайлаймыз. Егер батыс табысын тираж, альбом, қарапайым халықтың қол таңбасымен есептеп жатса, біздікілер мемлекеттік сыйлық пен әлеуметтік статусты жақсы көреді.

БАҚ биліктің назарына ілікпедік деп шағымданады. Бірақ негізгі (мақсатты) аудиториясы халық екенін естен шығарып жатады. Бұл шырмауықтан шығудың жолы- тағдырлар, сенімдер мен құндылықтар билік басқармасына қалдырмау. Қылмыскер билік болса бұл қылығын баяғыда-ақ жасап қойған. Бүгінгі билік зорлық-зомбылықтың синониміне айналып отыр. Ол дегеніңіз – өте қорқынышты әрі өміршең есірткінің түрі. Мәдениет оған ешқандай этикалық баға бере алмады. Оның үстіне биліктен де, мәдениеттен де жалтару мүмкін емес.

Алайда, билік пен мемлекетті бір деуге болмайды. Ресей билігі белгілі бір өкілеттілік негізінде ғана қоғамды басқарумен шектелмейді. Жоқ! Ол адам тағдырын басқарады. Ол сенің жеке өміріңе еніп, бар құпияны әшкере еткісі келеді. Біз, кеңес кезегінің адамдары, бүгінде балаларымыз да бәрі үшін шешім қабылдайтын адам болуды армандаймыз. Тек өзіміз  үшін шешім қабылдамасақ болғаны ..

Барлық мәселе осында жатыр. Қазіргі Ресейдің КСРО-дан алған «мұрасы» - әлемді өзгертуге деген біртүрлі ұмтылыс. Путин өз қажеттілігі, өз тағдырына айналған  адамзатты құтқару идеясын бүкіл әлемге таңып отыр. Ал әлемді құтқарудың қажеті жоқ. Орыс халқы ешкімге ештеңе қарыз емес екенін түсінуі керек. Жеке өз проблемасымен ғана басы қатып жүрген мемлекеттен артық не болуы мүмкін?

Орыс интеллигенциясы әділетсіздікті жоятын күш -көтеріліс деп білді және КСРО-ны мінсіз әлем құрылысы, ал орыстарды сол үшін өмірге келген жаратылыс иесі деп санады. Мұндай аңызбен қош айтысу қиын шығар. «Орыс болатын уақыт жетті» деген еді орыстың аса көрнекті тарихшысы Михаил Гефтер. Одан бөлек айтқан тағы бір тамаша сөзі бар: «Орыстар –әдетте тұрмысы төмен, өмір сүруге қабілетсіз болғаны үшін үкіметке кінарат тағатын халық». Оны қазақтар да үйренген. Тіпті асып түсті..

Бұл логика бойынша, барлығымыз саяси жағдайдың құрбанына айналған жақсы жандармыз. Сонда не істеуге болады?

Кез келген қоғам өзін ең қиын кезеңде өмір сүріп жатырмын деп ойлайды. Ақиқатында әлемді өз қалпында қабылдай білу керек. Бәрінің ойы – адамзат үшін ең жақсы шешім қабылдау. Бірақ ол мүлде жоқ. Мәселенің шынайы шешімі – әр түрлі  тәсіл, талап, өркениет, керек десеңіз климат негізінде жасалған даму моделін қарастыру. Өз қалауымызға қарап әлемді өзгертудің қажеті жоқ.

Ресейді қоя тұрып, АҚШ-тан бірер мысал келтірсек. Америка «дамыған» ұлттар бейнесін қалыптастырды. Бірақ олармен не боп жатқанын қарайықшы. «Дамыған елдер» жойылып кетудің алдында тұр. Жастары отбасылы болуды қаламайды, керемет медицинаның оны тоқтатуға дәрмені жоқ, ақ нәсілділердің саны азаюда. Ал аштан қырылып, бейшара халге түскен –өзге ұлттар болса күн өткен сайын көбейіп жатыр.. Өркениеттің өзгермес заңы: оған иелік етем деушілерді жер бетінен жойып жібереді; ал керісінше, соғыс, аштық, ауру-сырқау сияқты небір зұлматты бастан кешкендер көбейеді береді.

Осыған қарап Ресейдің де халі мүшкіл деуге келе ме? Орыс ұлты да қартайып, туу үрдісі төмендеп барады. Ұжымдық санасыздықтың өмір сүргісі келмейтін сияқты ?

Санасыздықтың мұндай түрі толыққанды ұлт ретінде қалыптаспағандықтан туындайды. Басқа жаққа кетуді армандау, КСРО-дан бері келе жатқан ішкі эмиграция әдеті осыдан шығады. Бұл індет қазақ та да бар. Орыс ұлтымен бірлескен өткенімізді қабылдай алмай жатамыз. Өйткені, белорус қана болмаса дәл қазақтай орыс мәдениетімен біте қайнасқан ұлт жоқ. Әлі күнге дейін әлемді тек орыс тілі арқылы танып келеміз. Бұған қарасты әр түрлі пікірі айтуға болады, бірақ біздің шынайы болмысымыз осындай. Сонымен қатар, бұл үрдістің қазақ үшін һәм орыс ұлты үшін де жақсы деуге негіз бар. Жас этнос өмір үшін үнемі ізденісте үстінде жүр дегенді білдіреді. Орыс пен қазақтың бұл қылығы – жұртқа өзінің кім екенін дәлелдегісі келетін жасөспірімдердің әрекеті сияқты. Жаның ашиды. Әр халықтың хақысы бар ондайға. Ресейдің батысқа бірде қызығып, бірде өшпенділікпен қарайтыны – парадокс.

Қиындықтан құтқаратын жол –сан-сауалдың жауабын өткеннен іздеу.

Әлемдегі ешбір халық өз тарихын білмейді. Тарихтың авторы – саясаткерлер. Тарихын білмейтіндердің саясат жолына оңай әрі тез келуі заманымыздың жаңа қасіреті болып тұр. Өзінің кім екенін нақты анықтау үшін, қазақ әуелі ислам әлеміне қарым-қатынасының қандай екенін айқындау керек. Бағымызға орай, өз пікірін өзгеге тықпалауды білмейтін тәңір философиясы әлі бар. Сол себепті де қазақ жері дін мәселесі, батыс пен шығыс жайлы келіссөз жүргізілетін кеңістікке айналғысы келеді. Дәл осылай әр алуандылықты қабылдау - жәбір көрген ұлт пен толыққанды ұлттың ара-жігін ажыратып тұратын айырмашылық. Және сауда ұсынысының ең үздігіне айналуға мүмкіндік береді. Неге болмасқа? Рим картасы неге жоғалды, себебі ол картада басқа ұлттарға орын қалмады. Еврейлер болса адамзаттың ең әлсіз тұсы – көрсеқызарлықпен жақсы ойнайды. Күн сайын энергия көзіне таластың шиеленісуі үшінші дүние жүзілік соғыстың баталуына себеп болуы әбден мүмкін. Батыс пропагандасы болса бар кінәні жоқшылық пен соғыстың зардабынан көз аша алмаған мұсылман әлеміне жаба салғысы келеді.

Дағдарыстың екінші қыры – жақсы жағдай мен жайлы өмірдің нәтижесі. Дамыған елдер өздері жасаған жайлылықтың құрбанына айналып отыр. Мәдениетімен қоса әп сәтте құрдымға кетуі мүмкін. Және бұл процесс басталып кетті десе де болады. АҚШ экономикасы өркендеп, тұрғындарының кірісі төмендеуде, әлеуметтік теңсіздік ұлғайып барады. АҚШ пен оның жақтастары сияқты либералдық құндылықтарды бұлай құнсыздандырған ешкім жоқ. Ватиканның берекесі кетіп, мұсылман әлемі ашуға булыққан. Үндістан мен Қытай бақылап отыр. Америка еврейі орыстыкінен үстем болып тұр. Құдайдың берген ризығын тең дәрежеде бөліп алу үшін бәріне бір аралға барып ақылдасу керек сияқты. Біз болсақ киелі мекенде өмір сүрып жатқандықтан болар, ұлт болып аман жүрміз. Сондықтан да әлемге сенеміз, әрі одан азатпыз.

Перевод Кульпаш Шынбат

Оставить комментарий
Комментарии (1)
  • 14.12.2018 - 12:01
    Мұңғылхан Еркінбек
    дым түсініксіз, орыстар бізге қарыз. бұл қарызды бүкіл орыс әлі 100 жыл өткеріп беруі керек!

Общество

Сетевые БАЙТЕ'речи Сетевые БАЙТЕ'речи
Редакция Exclusive
07.12.2018 - 21:06|1 389|
Стейки vs экология Стейки vs экология
Редакция Exclusive
07.12.2018 - 15:28|605
Путешествие на родину президента Путешествие на родину президента
Ботагоз Сейдахметова
01.12.2018 - 08:00|699|
Основной инстинкт власти Основной инстинкт власти
Редакция Exclusive
30.11.2018 - 17:22|831|
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33