Энергия солнца и ветра – теперь и в казахстане
Поддержать

Энергия солнца и ветра – теперь и в казахстане

   Алаш Ұлттық Жерлі Аутономиясының мемлекеттік туы туралы түрлі болжам, алып-қашпа пікір бар. Қазіргі Қазақ елінің аумағында алғаш рет зайырлы мемлекет болып дүниеге келген Алаш Республикасының туы ислам мемлекеті болғанын білдіретін жасыл болды деген жаңсық пікірмен қатар, туы ақ түсті болды деген ресми дерек те бар. Ал тарихи деректер Алаш туының тіпті басқа болғанын бұлтартпай дәлелдейтін дереккөзі де жоқ емес.

     Алаш тарихында әлі тиянақты зерттелмеген, жұмбағы ашылмаған маңызды сәттері аз емес. Ашықтан-ашық бұрмалау, алып-қашпа пікірлер одан да көп. Мысалға кейбір тарихшы, оның ішінде отандық тарихшылар да (Асылбек Бейсенбаев, Алматы), шетелдік зерттеушілер де (Дина Аманжолова, Мәскеу, РФ) бар, «Алаш автономиясының басшылары Ресейден бөлініп тәуелсіздік алуға ұмтылмады» десе, енді біреулер Алашты «жарияланбаған автономия» деп жерден жеті қоян тапқандай жар салды (Мәмбет Қойгелдиев, Алматы). Оқта-текте болса да Алаш қайраткерлерінің өсиет сөздерін өз білгенінше бұрмалайтындар тағы ұшырасады.

       Әйтсе де Алаш Ұлттық Жерлі Автономиялық Республикасының тарихынан әлі ашылмай келе жатқан аса маңызды бір сыры – оның мемлекеттік рәміздері. Алаштың мемлекеттік елтаңбасын (гербін), туын, әнұранын қабылдап үлгерді ме, үлгерсе олар қандай болды? Бұл сауалдарға осы күнге дейін көпшіліктің көңілінен шыққан тиянақты жауап болмай келеді.

       Алдымен әнұраннан бастайық. Алаштың бір емес, сазымен (музыкасымен) бірге бірнеше әнұраны жазылғанын көпшілік біле бермейді. Ол рас. Оның ішінде «Кері заман» атты Алаш әнұранының сөзін Міржақып Дулатұлы жазған болса, музыкасы «Заман-ай» халық әнінен алынды. Тағы бір әнұранды ақын Ғұмар Қараш жазып қалдырды. Ал «Ғаскер өлеңінің», яғни «Алаш маршының» әні мен сөзін де Жүсіпбек Аймауытұлы жазып кеткен болатын.

      Алаш Республикасының жоғарғы атқарушы мемлекеттік билігі ретінде жасақталған Алаш Орданың елтаңбаны да жасап үлгергеніне «Қазақ» газетінде жарық көрген «Орда гербі» (таңбасы) атты мақала бұлтартпас куә бола алады (Орда гербі (таңбасы). «Қазақ», 05.01.1918 ж. Орынбор. – 1 б.). Мақаланың «Алаш мемлекетіне Орда деп ат қойылған соң, гербіне Орда суреті болуы лайықтығында дау болмаса керек. Орда мемлекетіне Орда суретін қою ұнамсыз болады деп ешкім айта алмас. Солай болған соң герб мәселесінің негізі шешілгенге есеп» деген жолдары ұлттық жерлі автономиялық республиканың елтаңбасы болғанын дәйектейді.

      Ал енді Алаш Орданың мемлекеттік туы төңірегінде түрлі алып-қашпа пікір, ешбір дерек-айғақсыз тұжырым-болжам айтылып та, жазылып та келеді. Алаш Орданың туы жасыл түсті болыпты-мыс — сондай болжамның бірден-бірі (№ 1 фото).

      Мұндай жаңсақ пікір 1925 жылдың 19 сәуірінде Иосиф Сталинге, берік қалыптасқан пікір бойынша, Сәкен Сейфоллаұлы (Сейфуллин) жолдаған құпия «домалақ хатынан» туса керек. Хатта жасыл ту жайында мынадай жолдар бар (түпнұсқасын ұсынамын):

       «V Всекиргизский съезд открылся в г. Ак-мечете (Перовск). Этот съезд считался первым объединительным съездом, на этом съезде была окончательно объединена вся Киргизия, присоединив к себе Джетсуйскую и Сыр-Дарьинскую области. После открытия съезда, на 2 или 3 день мне один товарищ говорит, что в зале, на самой середине красных знамен, раскинуто зеленое знамя Западного правительства Алаш-орды Досмухамметова с надписью из Корана.

        Я не поверил, но вспомнил, что действительно на середине красных знамен стоял какое-то зеленое знамя. Некоторые товарищи возмущались. Алаш-ордынское знамя сняли.

Потом объяснили, что это по незнанию повесил туда какой-то русский из служащих…

         Когда обратно, после конца съезда ехали в г. Оренбург, в поезде один бывший работник Алаш-орды, старый учитель, мне хорошо знакомый, теперь сотрудник Наркомпроса, с довольным видом в присутствии двух товарищей сказал мне: «Наконец все вышло в нашему (т. е. по Алаш-орде). Съезд открыли под нашим зеленым знаменем Алаш-орды» (АПРК. Ф. 811, Он.,24, Д243, Лл. 7-17. Фотокопия; Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. — Сәуір 1920-1928 жж. Движение Алаш. Апрель1920-1928 гг. Алматы: «Ел-шежіре», 2007. Т. 3. Кн.1. – 304 с. –С.187-194).

      Бұл үзіндіде құпия «домалақ хаттың» авторы (ол мейлі Сәкен болсын, не басқа болсын), Алаш Ордаға екі бірдей жала жауып, оқырманды не саналы түрде, не өзі байқамай адастырып отыр. Біріншіден, тарихта не «Батыс…», не «Шығыс Алаш Орда» немесе «Алаш Орданың Жетісу қанаты» деген болған емес. Алаш Орданы «Батыс-Шығыс» деп жік-жікке бөлген Кеңес өкіметі мен «Тар жол тайғақ кешу» кітабының авторы С. Сейфуллин. Алаш Республикасы үкіметінің Орталық Алаш Орда (оны Кеңес өкіметі «Шығыс Алаш Орда» деп бұрмалап келді) және оның Батыс, Жетісу сынды бөлімдері болған.

      Бірақ, екіншіден, Алаш Орда бөлімдерінің өз алдына жеке-жеке мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны болуы ешбір санаға қонбайды. Үшіншіден, Алаш Орда туының бірыңғай жасыл түсті болуы тіпті санаға қонбайды. Олай деп үзіл-кесілді айтуға, біріншіден, Алаш Орданың төрағасы Әлихан Бөкейхан дінді мемлекет ісіне араластыруға табанды түрде қарсы тұрды. Оған дәлел ретінде Алаш Ұлттық Жерлі Автономиясын құрудың қақ алдында «Қазақ» және «Сарыарқа» газеттерінде жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» атты шағын мақаласынан мынадай үзінді келтіру керек: «Франсұз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді – молла үкіметтен ақша (айлық жалақы) алса, сатылып кетеді, рухани іс аяқасты болады. Жалобание алған моллалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Орысша оны «отделение церкви от государства дейді». Алты Алаш көсемі Әлихан міне осы ұстанымын жүзеге асыру үшін кадет партиясынан шығып, соңғы шағын мақаласында жазғанындай, «қазаққа «Алаш» партиясын құруға кірісті» (Бөкейхан Ғали хан. Мен кадет партиясынан неге шықтым? //«Қазақ», 1917.23.12, № 256. Орынбор).

       1917 жылдың 5-13 желтоқсанындағы Жалпы қазақ-қырғыз құрылтайында (тарихи дереккөздерде «ІІ Жалпы қазақ-қырғыз сиезі». – С.А.) Алаш Автономиясын құруының ізінше сайланған оның жоғарғы мемлекеттік атқарушы билігі – Алаш Орда Уақытша Бүкіл Қазақ–қырғыз Кеңесінің 15 мүшесі (комиссары) мен олардың 15 орынбасарының ішінде бірде-бір дін қайраткері — имам, ишан, хазырет көрінбейді. Міне сол себепті де Алашты қазіргі тәуелсіз Ұлы дала елінің аумағындағы дүниеге келген тұңғыш зайырлы мемлекет деп кесіп айта аламыз.

       Жасыл ту қайдан шықты? Алаш тарихын зерттеушілерге мәлім, Алаш Орданың мүшесі болып сайлануына қарамастан, 1918 жылдың қаңтарында үкіметпен бірге Алаш қаласына көшіп барудан бас тартқан Ж. және Х. Досмұхамедұлдарының бастамасымен 1918 жылдың ерте көктемінде Жымпитыда өткен халық жиынында Ойыл уалаяты құрылды. Тағы сол С. Сейфоллаұлының «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында Ойыл уалаятының басшылығына сайланған Жанша мен Халелдің дін басыларының ықпалында болғанын төменгідей жақсы сипаттап берді:

«…«Алаш-орда» үкіметі екі бөлек, екі жерде. Күншығыстағысы Семейде. Күнбатыстағы Орал облысында, Жымпиты қаласында. Семейдегі «Алаш-орданың» бастығы: Әлихан Бөкейхан, Жымпитыдағы «Орданың» бастығы: Досмұхамбетов Жанша. Мүшелері: Халел, банағы Салық болыстар.

Бір күні, кешке, Күнбатыс «Алаш-орда» өкіметінің бастықтары жай кеңесіп отыр еді. Кеңес «Орданың» кеңсесінде емес, Халелдің пәтерінде еді. «Ордаға» Қуанай қазірет келген. Сол Қуанай қазіретті «Алаш-орда» өкіметі, құрметтеп, Халелдің пәтерінде қонақ қып сыйлап отырды. Өкіметтің сөзі қазіреттің алдында сыпайы, әдепті: — «Тақсыр», «қазірет», «құп..!» деседі. Ызбарланып қазірет отыр. Бетіне қарағанда: «Қытай жұртының құдайы ма?» деп ойлайсың. Қуанай қазіретті білмейтін Орал облысында бала жоқ. Қуанай қазіретті, Уфадағы, Қазандағы ноғай-башқұрттың мүфтилері де біледі. Мүфтиде қазіретті Қуанайды сыйлайды. Қуанай «Әулие»… міне қазірет жайылып, Халел Досмұхамбеттің үйінде отыр. Қазірет босқа сөз сөйлемейді. Қазіреттің әрбір сөйлеген сөзі ем. Қазірет ызбарланып, айнала қарап қояды. Өкімет мүшелері, молдадан қорыққан балаларға ұсап, сызылып отыр. Қазіретке қарап, аңшының иттеріндей қайпақтайды. Өкімет бастығы Жанша отыр» (Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Тарихи-мемуарлық роман / Төртінші басылым.- Алматы «Жазушы», 1977.- 387 б.) .

№ 1 фотосурет




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.