понедельник, 23 сентября 2019
,
USD/KZT: 383.34 EUR/KZT: 431.45 RUR/KZT: 5.89
Хроника митингов и задержаний МСБ получит 30 миллиардов в Алматы Маленькая, но победа Продажная статистика Сколько многодетных семей получат квартиры Новая забастовка в Мангистау Коалиция гражданских инициатив сделала Заявление Скандал с премьер-министром Канады Довольных чуть более половины Генпрокуратура арестовала 13 млн. долларов Бергея Рыскалиева Новый аким Карагандинской области Прокуратура попросила отменить арест Устинову В Москве таджики создают свою партию Kaspi.kz едет в Лондон Почему мы не такие счастливые? Навальный номинирован на премию Сахарова ВОУД будет отменен, а учителям обещают новые доплаты ФРС снизила ставку Куда ушел Тажин? Лекарства дорожают Кулибаев переназначен президентом НОК В акимате Алматы новое назначение Дочь Гульнары Каримовой грозится опубликовать компромат на власти Узбекистана США подали в суд на Сноудена В розыске находятся 2600 казахстанцев

Тұңғыш абайтанушы туралы бар ақиқат

Алаш десе ойға Әлихан келетіні де, Әлихан десе – көзге Алаш елестейтіні үйреншікті құбылыс. Ал Абай дегенде ойға ең алдымен неге Әлихан оралмай, Әлихан дегенде – көзге неге тұңғыш абайтанушының тұлғасы елестемейді?
        

Алты Алаш көсемі, 20 ғасыр басындағы қазақтың ұлт көшбасшысы, қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің тұңғыш төрағасы (президенті) Әлихан Бөкейханды «тұңғыш абайтанушы» деуге ұлы ойшыл ақынның көзі тірісінде 1889 жылы «Особые прибавления к «Акмолинским областным ведомостям» мен оның қазақ тіліндегі қосымшасы – «Дала уалаяты газетінде» екі тілде қатар жазған «Письмо в редакцию» және «Хат баспаханаға» атты мақаласы  негіз бола алмайды. Мақаланың орысша нұсқасында «Вы благородные старики, будьте сотрудниками «О.П.», расскажите нам все, что вы видели хорошего, что вы рассказываете в летний вечер, сидя на сопке у колодца, или зимою в гостях своим одноаульцам, что вы видели, живя с хорошими представителями киргизского народа, как решали споры знаменитые бии: Жарылкап, Алчынбай, Муса, Кунанбай и др., не льстившиеся на шелковые халаты, толстые карманы, дайте примеры, наставления нашим бииям, любящим ловить рыбу в мутной воде!», - делінсе (Сынъ степей. Письмо въ редакцію. //«ОП къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ», 25.12.1889 г., № 50. Омскъ;), қазақшасы соның сөзбе-сөз аудармасы: «Сіз, текті қариялар, газетке көмек беріңіздер, көрген жақсыларыңызды бәрін айтыңыздар! Өздерің жаздыгүні кешке таман айтатын, төбенің басында, құдықтың қасында отырып я қысты күні – ауылдастарыңның үйінде қонақта отырып айтқандарыңды, көргендеріңді – қазақтың жақсыларыменен бірге жүріп, қалайша атақты билердің билік қылғанынан, дау бітіргенінен – Жарылқап, Алшынбай, Мұса, Құнанбай һәм ғайри жақсылардың пара алып, жібек шапанға, қалтасының пайдасына қызықпағандықтарын; осы күнгі билерге, «лай судан балық ұстаймыз деп жүрген, өсиет етіп, ғибрат беріңіздер!» (Қыр ұлы. Хат баспаханаға. //«Дала уалаятының газеті», 1889.25.12, № 50. Омбы.). Мақалада автор ұлы ақынның аға-сұлтан болған әкесі Құнанбайды емес, әділ билігімен аты шыққан Абайдың өзін айтып отырса керек.

Белгілі алаштанушы-журналист, марқұм Жайық Бектұров 1989 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде жарық көрген көлемді «Үш Әлекең» атты мақаласында жазғандай (газеттің нақты қай санында шыққаны туралы мәлімет қолымда болмай тұр), Абайдың көзі тірісінде оның өлеңін 1900 жылы орысшаға аударып, «Киргизская степная газета»-ға жариялауы да «абайтанушы» деуге онша келмейді. Тіпті «Россия. Географическое описание нашего отечества» көптомдығының Қазақ өлкесіне арналған 18 томындағы Абайдың жаңашыл ақындығы туралы бір жол пікірі де емес. Ол пікір, ашығын айтқанда, «Әлиханның ақыл-кеңесімен жазылды» деген ешбір дәлелсіз топшылау болмаса, авторы тіпті өзгелер-ді.

Әлиханның абайтанушылығы туралы әңгіме бола қалса, әдетте көпшілікті, арасында абайтанушылары да, журналистері де, басқалары да бар, «осы Абай мен Әлихан жүздесті ме?» деген сауал ойландырады. Тарихи дерек-айғақтар қазақтың бағына туған қос алыптың өмірде бір емес, талай рет жүздескенін бұлтартпай дәлелдейді. Абай мен Әлиханның жақын туыстығы өз алдына. Әлиханның туған інісі Смахан төре 18 қойын дәптерден тұратын «Әлекеңнің өмірі» атты естелігінің 1-дәптерінде: «Әлиханның шешесінің әкесі (тобықты Мамай батырдан) Дулат батыр – ұры, бір жегенде бір уақ малдың етін жеп, сорпасын ішіп кетеді екен... Дулаттың екі қызы: бірі Бекжан - Әлиханның  шешесі,  бірі –  Бошантай  (Рызықбай шешесі) – Хұдайберді әйелі,  Құнанбай келіні», - деп жазды (Бөкейхан С. Әлекеңнің өмірі. – Алматы: «Жұлдыз», № 3, 1996. – 104 б.). Демек Әлихан мен Шаһкәрім Құдайбердіұлы екеуі – туған бөлелер. Бұл бір. Екіншіден, Абай мен Әлиханның 1896-1904 жылдары Семей облыстық статистика комитетінің мүшелері ретінде, комитеттің жиындарында көрісуі мүмкіндігін де ешкім теріске шығара алмайды. Тамыздың 16-19 аралығында Абай елін сапарлаған «Ұлы Абайдың ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедициясы Қарқаралыда жас күнінде Абай тоқтаған Хами Бекметьевтің мұражай-үйін қызықтады (№ 1 фотосурет). Алайда Абайдың оқта-текте аялдаған ол үйде Әлиханның айлап жатқанын не экспедиция мүшелері, не мұражай-үйінің директорынан бастап қызметкерлерінің бірі де бейхабар. Сол себепті де, әрине, мұражай-үйде болашақ ұлт көшбасшысы, Алаш Ұлттық Жерлі Республикасының атасы әрі төрағасы Әлихан Бөкейхан туралы бірауыз сөз, фотосурет не тарихи құжат жоқ. Ал Смахан төре естелігінің 1-дәптерінде: «Әуелі жеті жасында Қарқаралыда ноғай Зариев моллаға мұсылманша оқуға беріпті. Тоғыз жасында Қами Бекметьев үйіне қойып орысша оқытыпты. Содан күтімсіз болып, интернатқа  өз бетімен түсіпті», - деп жазды (Бөкейхан С. Әлекеңнің өмірі... – 104 б.).

Нағыз «абайтану» Әлихан Бөкейханның жас күнінен-ақ ақынның ұлылығын тануынан, оның поэзиясынан ұлт әдебиетінде, дәлірек айтсақ - енді ғана қалыптаса бастаған жазба әдебиетінде әлі жоқ жаңашылдығын көріп бағалай алуынан басталды. Әлиханның мұндай сезімталдығын, көрегендігін оның 1889 жылы «Особые прибавления к «Акмолинским ведомостям» және «Дала уалаятының газетінде» жариялаған ең алғашқы орысша-қазақша 16 мақаласынан айқын аңғарамыз. Сол мақалаларында автор Абай поэзиясындағы сыни көзқарасына еліктеп, бұқара халықты адастырған надан, дүмше моллаларды, болыс-би, тілмәштарды, «әр елден өлеңменен қайыр тілеп, сөз қадірін кетірген» ақындарды аяусыз әшкерелейді. 1904 жылдың жазында қырдан қаралы хабар  алысымен, Әлихан Омбыдан «Абай мархұмның өлеңдерін кітап қылып басыңдар деп балаларына  хат жазады». Кәкітайдың мезгілсіз қайтыс болуына орай 1915 жылдың басында «Қазақ» газетінде жариялаған бұл азанама мақаласында Әлихан әрі қарай: «1905-інші жылдың әпрел аяғында Кәкітай (Ысқақұлы Құнанбай) Абайдың жазба кітабын алып, Омбыдағы маған келді. 1905-інші жылы жазғытұрғы саясат ісі не екенін біздің «Қазақ»-ты оқушылар білер. Кәкітай біздің үйде бірер жұма жатты. Абай, Пушкин, Лермонтов сөздерін бірге оқып, мәз-мейрам болдық», - деп есіне алды (Ғали хан. Кәкітай (Ысқақұлы Құнанбай). Мүнәһиб-Некролог. //«Қазақ», 1915.18.02, № 105. Орынбор. – 2 б.). Міне Абайдің өз өлеңдері, А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крыловтан аударғандары мен қара сөздерінің Тұрағұл жинап көшірткен қолжазбасы қолына тиіп, Омбыдағы өз үйінде «бірер жұма жатқан» әрі туысы, әрі досы Кәкітаймен сырлы әңгімесінің нәтижесінде ұлы ойшыл ақынның өмірі қысқа да нұсқа баяндалған, ал шығармашылығына «Еуропаның әйгілі ақындарына мақтаныш болады» деп асқақ баға берілген тұңғыш «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мүнәқып-мақала дүниеге келді.

№ 1 фотосурет

Назар аударатын мәселе, мүнақып-мақаланың соңында автордың өзі марқұм Абайдың өмірі туралы мәліметті ұлы Тұрағұлдан (Абайдың өзі Тураұл деп атаған екен. – С.А.) алғанын атап көрсетеді. Ал автордың өз қолында ойшыл-ақынның өлеңдері жазылған қойын дәптері болған. Міне сол дәптерін ол 1903 жылы Омбыға келгеніне бір-ақ жыл болған қандасы, шәкірті әрі болашақ ең жақын үзеңгілесі - Ахмет Байтұрсынұлына берді. Ол туралы «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында Ахметтің өзі былай деп жазды:

«Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, тіпті, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан. Абайдың сөздері кітап болып, басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге едәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді... 1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті» (А. Б. Қазақтың бас ақыны (Басы 39 һәм 40-ыншы нөмірлерінде). – Орынбор: «Қазақ», 1913.22.12, № 43. – 2 б.).

Ал Әлиханның мүнақып-мақаласы алдымен семейлік «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 3 санында (Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Некролог. / «Семипалатинский листок», 25-27.11.1905 г., №№ 250-252. Семипалатинск. – Cc. 2-3, 2-3, 3.) (№ 2 фото), одан кейін Орыстың императорлық география қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского Отдела И.Р.Г.О.» жинағында болар-болмас өзгеріспен екінші рет жарияланды (вып. № 3, 1907 г. Семипалатинск). Мақаланың газетте жарияланған нұсқасында атап көрсетілгендей, Абай шығармаларының тұңғыш жинағын Әлиханның редакциялауымен таяу арада Географиялық қоғамның Семей бөлімшесі басып шығаруы керек еді.

Алты Алаш көсемінің өміріне қатысты ерекше назар аудара кететін жайт: Әлихан Бөкейхан отарлық езгісінде отырған «қалың елі қазағының» құқы мен азаттығы үшін қиян-кескі күресін ғылыми-публицисткалық қызметімен, оның ішінде абайтанушылығымен қарама-қатар атқарып жүрді. Соның бірден-бір айғағы: Әлихан отаршыл империяның І Мемлекеттік думасы депутаттығына түсу үшін сайлауалды науқанын өткізу және іс арасында өзі редакциялап болған Абай шығармаларының қолжазбасын баспаға тапсыру ойымен 1906 жылдың 8 қаңтарында Омбыдан Семейге келе жатқан жолында – Тұзқала (Павлодар) іргесіндегі казактардың Ямышевский кентінде тұтқынға алынады. Қолжүгі (портфелі) ішіндегі Абай қолжазбасымен бірге тәркіленеді. Ямышевский кентінен Тұзқаланың абақтысына жабылған күннің ертесіне – 10 қаңтар күні Әлихан Павлодар қалалық 2 учаскіеі судьясын шақыртып алып, өзінің қылмысы болса тергеу жүргізіп дәлелдеп, сотқа беруін, болмаса – дереу босатуын талап етумен қатар, қолжүгімен бірге тәркіленген  қолжазба – қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері екенін, құны 5 мың патша рубліне тең екенін айтып, оны сақтауды қатаң талап етеді (№ 3 фото).

Әлихан еш айып-қылмыссыз Тұзқала-Омбы абақтыларында 4 ай отырып, 1906 жылы өзінің туған елі – Тоқырауын болысында сайлаушы (выборщик) болып сайланғаны мәлім болған соң, 30 сәуірде бостандыққа шығады. Абайтанушылардың кейбірі ұлт көшбасшысы Тұзқаладан Омбы абақтысына ауыстырылғанда, Абайдың қолжазбасы «жоғалыпты» деген ешбір айғақ-дәлелсіз жаңсақ болжам айтатын көрінеді.

 

№ 2 фото. Ә.Н. Бөкейханның «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мүнәқып-мақаласы шыққан «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 25 қараша күнгі № 250

1905 жылдан Ә.Н. Бөкейханды бүкіл Дала өлкесі халқының «діни-саяси қозғалысының бірден-бір дем берушісі әрі жетекшісі» деп таныған генерал-губернатордың әкімшілігі оны абақтыдан босатар алдында оның паспортын «жоғалтқан» болып бірнеше күн ұстағаны рас. Абайдың қолжазба өлеңдері мен қара сөздерінің біразын орысшаға аудартып, «саяси астар» іздеп таба алмағаны тағы бар. Бірақ қолжазбаны «жоғалтуға» дәті бармады.

№ 3 фото. Қазақ ақыны А. Құнанбайұлы өлеңдерінің құны 5000 рубль тұратын қолжазбасын сақтауды талап еткен Ә.Н. Бөкейханның судья жазып алған арызы

 Неге десеңіз – Ә.Н. Бөкейхан абақтыдан айыбы не қылмысы болмағаны үшін емес, сайлаушы болып сайланғаны үшін босатылды. Егер Ә.Н. Бөкейхан сайлаушы болып үлгермегенде, оны нақақтан-нақақ 4 ай түрмеде ұстаған Дала генерал-губернаторы «әкімшілік тәртіп» деген құйтұрқы баппен (Батыс Сібір генерал-губернаторлығы Дала генерал-губернаторлығы болып қайта құрылған 1882 жылы оның алғашқы генерал-губернаторы болған Герасим Колпаковский ешбір заңға сыймайтын, тек қазақтарды кемсітуді көздеген осындай «ереже» енгізіп, ол бойынша мыңдаған қазақ баласы, олардың ішінде әйгілі Науан қазырет Таласұлы мен оның шәкірті, І және ІІ Думаның болашақ депутаты Шаймерден Қосшығұлұлы да бар, тергеусіз-сотсыз «ит жеккенге» айдалды. Ә.Н. Бөкейхан ол ереженің заңсыздығын әшкерелеп С.-Петербор басылымдарына көп жазды және оны бұздыруға көп күш жұмсады) жер аударуды жоспарлап қойғанды. Ал Мемлекеттік дума сайлауы туралы 1905 жылы шыққан ережеде Думаға сайланған депутаттармен қатар, сайлаушыларды да кісі өлтіруден басқа жеңіл қылмыстары үшін соттың үкімінсіз тұтқындауға болмайтын.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33