Қазақ тілін талқылайық
Поддержать

Қазақ тілін талқылайық

1989 жылғы 22-қыркүйекте Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру туралы Заң қабылданған еді. Содан бері нақ 26 жыл өте шықты. Алайда жекелеген алғабасуларды санамағанда тұтастай ұрпақ өсіп-өнетін осындай ұзақ кезеңде Қазақ тілі өзінің заңдық һәм конституциялық деңгейіне жеткен жоқ. Өз жерінде өз тілі салатанат құра алмағанына үлкен буынның өкпесі қара қазандай, орта буын есеңгіреп ашынған, жас ұрпақ абдырап, ұлттық құндылықтарға қаныға алмауда. Нәтижесінде мемлекет іштей әлсіз күйде. Аянышты жағдайдың себебі неде, жауапкершілік кімнің мойнында, тығырықтан шығудың жолдары қандай? Осы сынды сауалдарға жауап беру мақсатымен ортаға белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім мырзаны шақырған едік. Болған сұхбаттың жазбасын назарларыңызға ұсынамыз. 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.