8 (727) 291 22 22

info@exclusive.kz

Подписаться
Smart горизонт

Өзбекстан-Қазақстан: 2-0

Таяуда Өзбекстанның жаңа президенті Шавқат Мирзияев шетелге тұңғыш сапарын жасады. Сондағысы көпшілік сарапшылар болжағандай Ресейге немесе Қытайға емес, Орталық Азиядағы көрші елдерге. Дипломатияда жаңа сайланған басшының қай елге бірінші баратыны ерекше мәнге ие. Атап айтқанда, ол арқылы сыртқы саясатта басымдық кімге беріледі, аймақтағы ықпал иесі кім екендігі меңзеледі. Бұл тұста әсіресе аузы күйген ресейлік президент Владимир Путин болды. Алдында жеке Тәшкент пен Самарқанға келіп, ол өзбек әріптесіне тығыз ынтымақтастық жайлы уәделерін үйіп-төгіп кеткен болатын. Ізінше Ресей саясаттанушылары Мирзияев өзіміздің адам, енді Өзбектің беті бізге бері қарайды деп сендірді. Тіпті кей орталар жақын арада Өзбекстан Кремль қарамағындағы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіруі ықтимал екенін айтты.

Олай болмады. Керісінше, ЕАО-ға қосылмақ тұрмақ, Өзбек ағайындар былтыр Бішкекте өткен ТМД саммитін де елеген жоқ. Енді міне Шавқат Мирзияев алғаш ат басын Түркменстан мен Қазақстанға бұрды. Бұл қадам ресми Тәшкенттің сыртқы саясатта сөз жүзінде емес, іс жүзінде басымдықтың Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттерге беріп отырғанын көрсетіп отыр. Екіншіден, өзбек елі халықаралық қатынастарда Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа сықылды алып күштерге қарайлап көлеңкесінде қалмай, дербес саясат жүргізетінін білдіреді. Үшіншіден, аймақтық сахнада көшбасшы болуға ынтық болған Қазақстанды екінші орынға ығыстыруы әбден ықтимал.

Бұл тұрғыда аймақтағы тарқатылмақ түйткілдер шаш етектен. Олардың қатарында Арал теңізінің апатынан құтылу, аймақтағы көршілес елдердің өзара саудасын жаңғырту (жалпы сауда айналымының 5-ақ пайызы), шекаралық дау-дамайларды тежеу, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қауіп-қатерге төтеп беру, Орталық Азиядағы су тапшылығы мен Амудария, Сырдария, басқа да трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану бар. Еуропа мен Азияны көпірше байланыстырып тұрған аймақтың транзиттік әлеуетін арттыру өз алдына маңызды. Қысқасы, осы да толып жатқан өзге мәселерді еңсеру аймақ елдерінің ортақ ерік-жігерінсіз мүмкін емес. Ал бұл төңіректе тек сырт күштердің көмегіне жүгіну аңқаулықтың көрінісі. Шынтуайтына келгенде Мәскеу. Бейжін, Уашинтонға Орталық Азияның біртұтас, қуатты болуы керек емес, қайта бүгінгідей бытыраңқы, бірі-бірімен өштесіп әлсірегені тиімді. Және алғаш мәлімдемелері мен істеріне қарағанда ресми Тәшкент осы ақиқатты мойындап қана коймай, тағырықтан шығуға талпынып отыр.

Әрине, қысқа мерзімде Шавқат Мирзияевтің жаңа саясаты зор нәтижеге әкеле салуы неғайбыл. Жылдар, онжылдықтар бойында қордаланып келген түйткілдер әп-сәтте шешіле салмайды. Бірақ Өзбек басшылығының бүгінгі тіршілігі кеш те болса сеңнің қозғалғанына ұқсайды. Ендігі мәселе осы бетбұрысты аймақтағы басқа саяси орталар қаншалықты қолдай алатындығында. Жалпылама сөздерден нақты істерге көшу тұрғысында сыртқы ықпалдың құрсауынан шығуға қауқары жете ме басқа көршілердің? Аталған топтың ішінде көп шаруа Қазақстанға келіп тіреледі. Қалай болғанда да Өзбекстан Орталық Азиядағы халқының саны ең көп, армиясы мықты ел болса, Қазақстан экономикалық құдіреті тұрғысынан басқаларынан көш ілгері. Демек, аймақтағы ынтымақтастық Тәшкент пе Астанының өзара сенімі мен белсенді ықпалдасуынсыз мүмкін емес.

Рас, сырт қарағанда, Қазақстан мен Өзбекстан әлеуеті тең көрінеді. Алайда осы әлеуеттің сапалық жағына үңілсек, басымдық өзбек ағайынның еншісінде екенін аңғарамыз. Бірнеше дәйек:

25-жылдық егемендік тарихында Өзбекстан шын мәнісінде бақуатты мемлекетке айналды. Елдің идеологиясы да, қоғамның сана-сезімі де Өзбек тіліне, тарихына, мәдениеті мен дәстүріне негізделді. Тиісінше тұтас та мығым қоғам ретінде Өзбекстан баянды болып үлгерді. Көршілес Қазақстанда болса, жағдай мүлде басқаша. Ұлттық болмысты жаңғыртып, соған арқа сүйеудің орнына әлі күнге шейін орыс тілінің бұғауынан шыға алмай келеді. Енді Үштілділік бағдарламасын желеу етіп, мемлекет құраушы халық тілімен қоса тарихынан, мәдениетінен, ділінен мақрұм қалуда. Бұл саясат бәлкім өзге ұлыстарды ренжітпеудің қажетінен туындаған да шығар. Алайда мемлекет құру үрдісіне келгенде бүгінгі Қазақстан көзделген мақсатқа жетпегені анық.

Ақпараттық-насихаттық салада дәл сол көрініс. Аталған кезеңде өзбектер сөз бостандығын қатқыл шектесе де, толыққанды төл медиа-кеңістігін жасақтай алды. Нәтижесінде азаматтарының басым бөлігі, әсіресе жастары, Өзбек мүддесіне берілген. Қазақстанда болса, ахуал өзгеше. Ұлттық ұстаным барынша тежелген жағдайда бір жағынан қоғамның ойы Ресейге қарай ойысса, екінші жағынан Батысқа ұмтылса, үшінші жағынан асыра діншіл идеологияға ұрынған. Бұған мемлекетті іштей жайлаған жемқорлық, әлімжеттік, әділсіздік, ақшаға табыну секілді кеселдерді қосса, ондай ортаның іштей қаншалықты әлсіз, сыртқы ықпалға көнгіш екенін аңғару қиынға соқпайды.

Алн енді ішкі саясатта қалыптасып қалған стереотип – адам бостандықтары, демократия саласында Қазақстан Өзбекстаннан көш ілгері. Ақиқатында соңғы уақытқа шейін солай боп келді. Оған ұлттық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі немесе бұрынғы президент Ислам Кәрімовтың өктем саясаты себеп болған шығар. Алайда заман өте бұл бағытта да ресми Тәшкент қатаң авторитарлық жүйеден демократиялық жылымыққа аяқ басқанға ұқсайды. Атап, айтқанда, Кәрімовтың өзі жеке басқа табынушылық, жемқорлық, шенділердің құтыруы сынды келеңсіздіктерге жол бермеді. Енді оның саяси мұрагері Шавқат Мирзияевтің жаңа реформаларды, оның қатарында өңір басшыларын бұрынғыша тағайындау емес, халықтың өзі сайлауы қажет екенін ұсынды.

Өкініштісі, Қазақстанда үрдіс принципті түрде өзгеше. Оның дені 1990-жылдардағы парламенттік жүйеден 2000-жылдардан бері суперпрезиденттік билікке мойын ұсынғаны. Ал уақыт өткен сайын қабылданып отырған демократиялық-мыс шешімдер қалыптасқан жүйені одан бетер күшейтпесе, теңестірер емес. Қаржыгерлердің мынадай қағидаты бар: барлық жұмыртқаны бір себетке салуға болмайды. Саясатта да дәл солай. Ішкі істерде лауазымның бәрін бір тұлғаға артып қою болсын, сыртқы саясатта мүдденің бәрін жылғыз Ресейге беріп қою болсын, қай жағынан қауіпті.

Қазақ пен Өзбек арасында келтірілген бағыттар бойынша ең үлкен жетістігіміз ретінде экономика мен қаржы саласы аталып келген еді. Әйткенмен, біздегі икемсіз де тұйық басқарудың кесірінен ол да бүгінде тығыраққа тірелген. Мұнай мен газға деген әлемдік бағалар құлдырауы мұң екен, экономика дағдарысқа ұшырап ұлттық валюта долларға шаққанда 80 пайызға құнсызданып шыға келді. Басы бар, аяғы жоқ даму бағдарламалары, тұсауы бүгін кесіліп, ертең жабылып жатқан кәсіпорындар, нақты істермен араласу орнына қажеті шамалы имидждік ОБСЕ саммиті, Азияда, Экспо сықылды жылтырақтармен әуезтену – бұл да Қазақстанның бүгінгі аянышты тіршілігі. Сол түрімен Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кірем деп жүріп 50-тен шығып қалды.

Өзбектер болса, алтын уақытын сауатты пайдаланып, халық ақшасын талан-таражға салмай талай істі бітірді. Мәселен, соңғы 25 жылда бұл елде су жаңа газ, мұнай, мақта өңдеу зауыттары, тоқыма фабрикалары бой көтерді, толыққанды көлік өндіру өнеркәсібі жолға қойылды, өзін 100 пайыз отандық азық-түлікпен қамтуға қол жеткізілді (Қазақстанда - 50 пайыз). Нәтижесінде соңғы он жыл бойында үзбей Өзбек экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді, орта есеппен жылына 7-8 пайыздық көрсеткішпен. Салыстырма үшін Қазақстан Жалпы ішкі өнімі жылына болғаны 0,5-1 пайызға ұлғайып отыр. Оның өзі статистикалық салаға шенділердің араласуынан кейін.

Ал ең бастысы Өзбекстан шын мәнісінде ұлттық нақыштағы Тәуелсіз мемлекетке айналды. Көңілге тисе де, Қазақстан бұл мақсатқа жете алмауы бұлай тұрсын, әлі де советтік-ресейлік шекпеннен шыға алмай әуре. Ендеше Кувейтті иә болмаса Оңтүстік Кореяны қуып жетеміз дегеннен не пайда? Арзанқол науқаншылдықты қойып ең болмаса жанымыздағы бауырымыздан үйренген абзал.

Комментарии (10)

  1. Жубаев Сапарбай 14 марта 2017, 16:58
    Айналайындар, мынау бир Озбекстан туралы дым хабары жок адамнын негизсиз пикирлери гой!)). Терен талдау киын шыгар, еш болмаса енбек етуге жарамды 12 млн адамнын 4-5 млны Ресей мен Казакстанда жумыс жасап жатканын айтсак жеткиликти емес пе? Осы макаланын авторы ким екен? 3-4 ай алдын да осындай бир макала шыккан еди. Арнаулы тапсырыс аркылы шыгып жаткан жок па екен???
    1. Мүсіркеп Сейдахмет 14 марта 2017, 17:32
      Хабары бар адам. Сыртта жұмыс істеп жүрген өзбектер ақымақ емес. Олар жылына отандарына миллиондаған доллар валюта апарады. Соның арқасында сомдары күшейді. Қазақтар өз валюталарын қытайдың, орыстың арзан тауырна жұмсап, теңгенің құлдұрауына әкеліп соқтырып отыр. Қазақстан өзінің ішкі тауар өндіру ісін дұрыс жолға қоймайынша, дамудың желкесінің шұңқырын да көрмейді!
      1. Ислам 14 марта 2017, 20:52
        Дұрыс айтасыз.
      2. Жаңабек 14 марта 2017, 21:19
        Расул аға, сауатты сараптама жасаған екен.
        1. Керемет анализ 15 марта 2017, 16:50
          Керемет макала онай жэне тусыныкты жазган жарайсын Расул, букыл Казахстанды дэл жазган, оркенын оссын. Осындай саутатт аналитиктер коп болсын, Сырым, Дос Кошым сиякты патриоттар
          1. Жубаев Сапарбай 15 марта 2017, 19:30
            Құрметті Мүсіркеп Сейдахмет! Қаржы, ақша айналымы және кредит маманы болғаным үшін ғана Өзбекстандағы валюта мәселесі бойынша пікіріңізге жауап беруді жөн көрдім. 1. Өзбек ұлттық валютасы сумның 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы, ресми — 3500, ал нақты айналыстағы қолдағысы (қара базардағысы) -7800 сум. Ресми өмір басқа, нақты дүние басқа. Дүниеде бұндай мемлекеттер өте аз. Солтүстік Корея, Сомали, Зимбабве, Венесуэла. 2. Еркін ақша- несие айналысы және конвертация жоқ. Кәсіпкерлер сумдағы қаржыларын шекараның тек Қазақстан жағында ғана еркін валютаға алмастыра алады. Өзбекстан ішінде ақшаны валютаға алмастыру, Хрущев дәуіріндегідей үлкен қылмыс. Заңмен қудаланады. 3. Кәсіпорындар мен жеке тұлғалар есеп шотындағы ақшаны қалауы бойынша қалаған уақытында ала алмайды. Арнаулы кезекке тұрып, нақты ақша бар болса аласын, болмаса күтесің. 4. Ауылдық жерде электр энергиясы күніне 2-3 сағат беріледі және қыс кезінде газ ұзақ уақыт болмайды. 5. 2014 жылы 17 миллиондық Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 230 млрд доллар болған, ал, 31 миллиондық Өзбекстанда -65 млрд доллар. Бұл да ресми курста, ал нақты курс бойынша екі есе аз… Осы факттер жетер деп ойлаймын. Өзбекстанда болған кез келген адам бұны біледі. Сондықтан, Расул Жұмалының «Нәтижесінде соңғы он жыл бойында үзбей Өзбек экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді,» — деген қорытындысы мені өте таң қалдырды… Білмей жазған болса, түсінсе болады. Ал, біле тұра әдейі жазған болса, не үшін деген сауал туындайды… Сау саламат болыңдар!

            1. Жубаев Сапарбай 15 марта 2017, 19:34
              Мен алдыңғы пікірімде өз аты жөнімді жазған болатынмын. Жубаев Сапарбай. Журнал атынан емес.
              1. Серікбай 15 марта 2017, 19:52
                Арнайы тексеріп шыктым. Озбекстан экономикасы шынында сонгы он жылда Расул жазгандай дамыпты. Силтемеси: www.ereport.ru/stat.php?razdel=country&count=uzbekistan&table=ggecia&time=1
                1. Женис 15 марта 2017, 20:08
                  Өзбекстанның сыртқы қарыздары жоқ екенінен білуге болады қалай дамығанын. Ал Қазақстанның қарызын біздің немере шөберелеріміз төлесе де құтыла алмайтынымыз мәлім. Лайым Қазақстанның болашағы болғанын қалаймыз
                  1. Ақтөре 25 марта 2017, 03:35
                    Келесіде мұндай саяси- сауатсыз мақалалар жазылмаса деп тілеймін. Өзбекстан бір тұтас тәуелсіз мемлекет бола алды деп жазыпсыз автор, өкінішке орай, Өзбекстан бір тұтас емес, он тұтас мемлекет, Өзбектер Бұxаралықтар, Самарқандықтар, Ферғаналықтар ж.т.б бөлініп қана қоймай, тілі, оқыту стилі, минталитеті бөлініп, бір- бірімен қақтығысып, азаматтық соғыс алдындағы мемлекет. Тек үкіметтің қатаң режимімен ұсталып тұр. Сараптамаңыз үлкен қателерге толы, келесіде жазар алдын, біреуден естігенді емес, шын сараптамаға сүйеніп жазсаңыз! Экономикасы жайлы жа түбегейлі қате ақпарат беріп отырсыз!
                    Персона mobievent

                    Проект «ТОПЖАРГАН»

                    Репутация всегда будет являться базовым капиталом как для менеджера, так и компании. Поэтому портал «Exclusive» вновь формирует список компаний-номинантов для участников уникального репутационного проекта «ТОПЖАРГАН».

                    Во время первой фазы исследования (февраль – март 2016 г.) путем экспертных опросов будет сформирован шорт-лист по итогам голосования. Во время второй фазы исследования (март 2016 г.) авторитетное жюри, состоящее из ведущих журналистов и блогеров страны ... определит наиболее уважаемые компании в своих отраслях в 2016 году.