Adal партиясы ресми түрде қызметін тоқтатты - Exclusive
Поддержать

Adal партиясы ресми түрде қызметін тоқтатты

Adal партиясының қызметі ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді. Adal партиясы Amanat құрамына кірді.

2020 жылы бұрынғы «Бірлік» партиясының атауы Adal партиясы болып өзгерген еді. Партияның саяси кеңесінің құрамына 9 адам енді: Элдар Жұмағазиев, Алмасбек Садырбаев, Лаура Маликова, Олжас Ордабаев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұкаев, Игорь Шацкий және Мұрат Қожамқұлов.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 6 тіркелген партия бар:

«AMANAT» партиясы;

«Ақ Жол» партиясы;

Қазақстан Халық партиясы; «Ауыл» партиясы;

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

«Байтақ» жасылдар партиясы.

Сондай-ақ 24 желтоқсан күні Әділет министрлігі «Ел тағдыры» партиясының құжаттарын тіркеуге қабылдады.

Коллаж: Halyq Uni

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.