Қазақстан тәліптерге тамақ бермек
Поддержать

Қазақстан тәліптерге тамақ бермек

Қазақстан тәліптер билеп отырған Ауғанстанға 5 мың тонна ұн бермек. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

Кеше 17 қазанда президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барған. Міне, сол сапарда Ержан Қажыханов тәліптердің басшысына Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн беретінін айтқан. Сондай-ақ Ержан Қазыхан Қазақстанның ауған тарапына отандық QazVac  вакцинасын беру туралы ұсыныс айтқан.

Ал тәліптер Қазақстанмен арадағы дәстүрлі сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге және ауған студенттері үшін Қазақстанда білім беру бағдарламаларын жалғастыруға қызығушылық танытты. Ауған тарапы қазақстандық вакцинаны жеткізу туралы ұсынысты да зор ықыласпен қабылдады.

Өткен аптада Қазақстанның сыртқы қарызы туралы ұлттық банк ақпарат таратқан. Онда Қазақстан Ауғанстаннан да қарыз алғаны айтылған.

Ауғанстанды билеп отырған Талибан қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.