Орал әуежайына Мәншүк Мәметова есімі беріледі
Поддержать

Орал әуежайына Мәншүк Мәметова есімі беріледі

Оралдағы әуежайдың атауы ауыстырылады. Мой город басылымының ақпаратына сәйкес, тиісті шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданған.

– Облыстық мәслихат депутаттары «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын, – деді Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мәншүк Мәметова – Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысының ерлікпен қаза тапқан жауынгері. Соғыс жылдары пулеметші болып қызмет етті. Ол 1943 жылдың күзінде қайтыс болды, соңғы шайқаста 70-тен астам жауды мерт қылған. Қайтыс болғаннан кейін оған Кеңес одағының батыры атағы берілді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.