Апатқа ұшыраған "Қайрат" ойыншылары пікір білдірді
Поддержать

Апатқа ұшыраған "Қайрат" ойыншылары пікір білдірді

Ұшақ ішінде «Қайрат» футбол клубы ойыншылары мен жаттықтырушылары болған Алматы әуежайындағы апатқа қатысты пікір жарияланды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Оқиға 22 қазан күні таңертең Алматы халықаралық әуежайында болған. FlyJet ұшағы Renault көлігімен соқтығысқан.

«Шынында да, «Қайрат» ФК футболшылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақта болып, содан кейін клуб базасына кетті», — деп мәлімдеді «Қайрат» ФК баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігі қозғалысының қауіпсіздігі және оны пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.