ДДСҰ басшысы коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты
Поддержать

ДДСҰ басшысы коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус адамзатта коронавирустық инфекцияның жаппай таралуын жеңу үшін барлық қажетті ресурстар мен әдістер бар екенін айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Берлиндегі саммитте сөйлеген ДДСҰ басшысы әлемдік қоғамдастық осы жылдың соңына дейін барлық елдер COVID-19 вакцинасына қол жеткізуі керек екенін баса айтты. Бұл пандемияның аяқталуына негізгі себеп болмақ.
ДДСҰ басшысы өзіне «пандемия қашан аяқталады» деген сұрақтың жиі қойылатынын айтты. Саммит арқылы әлем халқына коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтқан, ДДСҰ басшысы қолда бар құралдарды дұрыс пайдалануға шақырды.

– Әлем жұртшылығы пандемияны тоқтатуға шешім қабылдаған кезде пандемия аяқталады. Ол өз қолымызда, – деді Тедрос Аданом Гебрейесус.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.