75 жастағы әжейге қысым көрсеткен полицейлердің әрекеті дау тудырды
Поддержать

75 жастағы әжейге қысым көрсеткен полицейлердің әрекеті дау тудырды

Желіде жаңғақ сатып отырған әжейді жауапқа тартқысы келген полицейлердің әрекеті желі қолданушылардың наразылығын тудырды. Бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарай бастады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Instagram парақшалардың хабарлауынша, 75 жастағы әже дәл осы жағдайдан кейін күйзеліске ұшыраған. Оқиға кезінде қарияның қасында тұрғандар қолдау білдірді. Мұны бейнежазбадан анық байқауға болады.

— Бүгін, 24 қазанда Қырғы базарда мынандай оқиға орын алды. Шетте 3-4 келі жаңғағын сатып отырған қарияға екі полицей шабуыл жасады. Қара бетперде киген полицей әжеймен дөрекі сөйлесіп, телефонын тартып алды. Ол ұлына қоңырау шалып үлгермеді. Әжейдің жағдайы нашарлап кетті. Куәгерлер олардың арасына түсті. Полицейлер өзін таныстырмады да. Мен олардың артынан барып, екеуінің аты-жөні мен қызметін сұрайын деп едім, олар жауап бермеді, – деді жазба авторы.

Оқиға Шымкент қалалық ІІБ-нің назарына ілікті. Бейнежазба бойынша қажетті шаралар қабылданады.

— Бұл бейнежазба бойынша қызметтік тергеу басталды. Тексеруден кейін полицейлерге қандай шара қолданылатыны белгілі болады, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.