Илон Масктың дәулеті 250 миллиард доллардан асты
Поддержать

Илон Масктың дәулеті 250 миллиард доллардан асты

Tesla басшысы Илон Масктың байлығы артты. Электромобильдер өндірушісі акцияларының құнының өсуі аясында кәсіпкердің жалпы байлығы 250 миллиард доллардан асқан. Индекс бойынша Илон Масктың байлығы өткен тәулікте 3,9 миллиард долларға артып, 252 миллиард долларды құрады.

Тесла басшысы Bloomberg агенттігінің есептеулері бойынша ең бай адамдар тізімінде бұрынғысынша бірінші орында тұр. Екінші орынды Amazon негізін қалаушы Джефф Безос иеленді, оның байлығы 193 миллиард долларды құрайды.
Tesla акцияларының бағасы 22 қазан, жұма күнгі сауданың қорытындысы бойынша 1,75%-ға өсіп, рекордтық деңгейді $909,68 құрады. Дүйсенбі, 25 қазандағы жағдай бойынша компания акциялары қымбаттауын жалғастырды.

Компания бұған дейін тоқсан сайынғы рекордтық табыс туралы хабарлады. Өткен тоқсанның қорытындысы бойынша, Tesla-ның таза табысы жылдық мәнде 4,9 есе өсіп, 1,62 миллиард долларға жеткен.

Америкалық Tesla Motors компаниясы 2003 жылы электр көліктері мен соған байланысты технологияларды әзірлеуші және өндіруші ретінде құрылған. Компанияның штаб-пәтері Калифорния штатының Пало-Альто қаласында орналасқан. Электрлік көліктерден басқа, компания өз технологиясын қолдана отырып, аккумуляторлар мен электр қозғалтқыштарын шығарады және басқа автомобиль компанияларына, атап айтқанда Toyota және Daimler-ге сатады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.