четверг, 09 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
В столице провакцинировано 65 процентов жителей Комитет ООН признал нарушение прав Шарипа Куракбаева Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады Тенге продолжает восстановление PTC CARGO стал оператором первого регулярного поезда из Китая в Грузию Қазақстан тауар биржаларына қойылатын талаптарды арттырады В Казахстане могут объявить в розыск активиста Серикжана Билаша Ни хлеба, ни зрелищ: творческие люди в Казахстане не в цене Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды Сотрудников министерства культуры Узбекистана обязали носить дуппи на работе Алексей Цой: «Вакцинация 70% населения позволит снизить пандемию до уровня сезонных заболеваний» Что стоит за выкупом акций Народного банка? Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды На фоне роста депозитной базы вклады  в Jusan Bank, Bank RBK и Нурбанке снижаются Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді Коммунистическое прошлое не позволило Сауле Омаровой занять престижную должность в США Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды 9-летняя астанчанка стала чемпионом мира по джиу-джитсу Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды Многодетная семья из Караганды получила 122 тенге соцпомощи На нефтяной рынок поступили «бычьи» сигналы Фонд Батырхана Шукенова выпустил пластинку «Отан Ана» Токаев обещает построить четыре трансграничных хаба Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады Фонд Динары Кулибаевой выделит Т520 млн на продукты для 20 тысяч семей

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі жылдан жылға ушығып барады

Каспий теңізінің суын тұшытып тұтынатын өңір халқы өазірдің өзінде суды дүкеннен бөтелкелеп сатып алып, ішіп отыр. Себеп – үйге келіп тұрған су таза емес, ішуге де, жуынуға да жарамайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Үйде екі күн бойы су болған жоқ. Әдетте кешкі 6-дан кейін су беретін, қазір ол да жоқ. Дүкеннен су сатып алып ішіп отырмыз. Судың өзі таза емес, ваннаның іші сарғайып кетті", – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Гүлбану Ермұханова.

Ақтау әкімдігінің коммуналдық қызмет мекемесі мамандары мұны босап қалған құбырды жөндеп, қайта іске қосқанда таттанатынымен түсіндіріп отыр.  Қала ішінде су, жылу құбырларының көбі тозған. Оларды жөндеу әзірге тек әкімдіктің жоспарында.

Экология вице-министрі Серік Қожаниязов Маңғыстау облысында ауыз су түйткілді мәселелердің бірі екенін айтады. Оның сөзінше, халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін бірнеше жоба жасалып жатыр.

"Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жағдайы қазір мүшкіл, 83 пайызға дейін тозған. Онда қазір "Самұрық Қазына" қоры жаңғырту, қосымша құбыр салу жұмыстарын атқарып жатыр", – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.

Вице-министр Ақтөбе облысындағы "Көк жиде" жерасты су қорынан су алу көзделіп отырғанын да хабарлады. Зерттеу қорытындысы бойынша, су қоры Ақтөбе мен Маңғыстау облысына жеткілікті болса, Атырау арқылы Маңғыстауға жіберілмек. Ал Жайықтан Каспийге құйылатын су мөлшері бірден екі есе азайып кеткен.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33