Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі жылдан жылға ушығып барады
Поддержать

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі жылдан жылға ушығып барады

Каспий теңізінің суын тұшытып тұтынатын өңір халқы өазірдің өзінде суды дүкеннен бөтелкелеп сатып алып, ішіп отыр. Себеп – үйге келіп тұрған су таза емес, ішуге де, жуынуға да жарамайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

«Үйде екі күн бойы су болған жоқ. Әдетте кешкі 6-дан кейін су беретін, қазір ол да жоқ. Дүкеннен су сатып алып ішіп отырмыз. Судың өзі таза емес, ваннаның іші сарғайып кетті», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Гүлбану Ермұханова.

Ақтау әкімдігінің коммуналдық қызмет мекемесі мамандары мұны босап қалған құбырды жөндеп, қайта іске қосқанда таттанатынымен түсіндіріп отыр.  Қала ішінде су, жылу құбырларының көбі тозған. Оларды жөндеу әзірге тек әкімдіктің жоспарында.

Экология вице-министрі Серік Қожаниязов Маңғыстау облысында ауыз су түйткілді мәселелердің бірі екенін айтады. Оның сөзінше, халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін бірнеше жоба жасалып жатыр.

«Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жағдайы қазір мүшкіл, 83 пайызға дейін тозған. Онда қазір «Самұрық Қазына» қоры жаңғырту, қосымша құбыр салу жұмыстарын атқарып жатыр», – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.

Вице-министр Ақтөбе облысындағы «Көк жиде» жерасты су қорынан су алу көзделіп отырғанын да хабарлады. Зерттеу қорытындысы бойынша, су қоры Ақтөбе мен Маңғыстау облысына жеткілікті болса, Атырау арқылы Маңғыстауға жіберілмек. Ал Жайықтан Каспийге құйылатын су мөлшері бірден екі есе азайып кеткен.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.