Қытайдан келетін тауарлар қымбаттайды – мамандар
Поддержать

Қытайдан келетін тауарлар қымбаттайды – мамандар

Бизнес өкілдері, кәсіпкерлер палаталары, логистиктер мен сарапшылар қытайлық тауарлардың базарлар мен дүкендердегі бағасы қымбаттайтынын айтты.

Бірнеше айдан бері Қазақстан-Қытай шекарасында жүк тасымалына қатысты мәселелер болып жатыр. Қытайдан келген тауарлар шекарада қалып, кедендік рәсімдеу және жеткізу үшін ұзын-сонар кезекте тұрады.

Экономист Андрей Чеботарев Қытаймен логистиканы қалпына келтірмесе, экономиканың әлсірейтінін айтты. Оның айтуынша, тауар тапшылығы белгілі бір кезеңдегі инфляцияның өсуін жеделдете алады.

— Құрылыс базарларына баратындар 1 қарашадан бастап баға көтеріледі дейді, өйткені оларда қор аз. Бұл онсыз да импортқа тәуелді экономикамыз үшін үлкен мәселе, — деді экономист.

Бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қытай Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэнмен телефон арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалына қатысты жағдайды талқылаған болатын.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.