Солтүстік Қазақстан облысында 40 млн теңгеге салынған қазандық іске аспай қалды
Поддержать

Солтүстік Қазақстан облысында 40 млн теңгеге салынған қазандық іске аспай қалды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка кентінде 2013 жылдан бері салынып жатқан қазандық жұмыс істемейді. Бұл жобаға 40 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Аталған нысан 1 қазанда іске қосылуы тиіс еді.

Қыруар қаражат жұмсаған қазандықтың жұмыс істемеу салдарынан қазір кейбір ғимараттар жылусыз отыр.

Бұл туралы exclusive.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық қазандыққа әзірге төрт әлеуметтік нысан қосылды. Ол жаңадан тұрғызылып жатқан көпқабатты үй, әкімдік, мектеп және аудандық бөлім қызметкерлері жайғасқан мына ғимарат. Соңғысы күздің қара суығында жылусыз қалды.

Ал кенттің әкімі мердігердің сметалық құжатымен және бағамен келіспейтінін айтып отыр.
– Қазандықты қалпына келтірген мердігердің сметалық құжаты тым қымбатқа шығып отыр. Мен оның бағасымен келіспеймін. Сондықтан жұмысын қабылдамай отырмын, — дейді Владислав Лукин.

Бұл құжат әкімдікте мақұлданған. Жоба жақын күндері жүзеге аспаса, аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтауы мүмкін.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.