четверг, 09 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
В столице провакцинировано 65 процентов жителей Комитет ООН признал нарушение прав Шарипа Куракбаева Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады Тенге продолжает восстановление PTC CARGO стал оператором первого регулярного поезда из Китая в Грузию Қазақстан тауар биржаларына қойылатын талаптарды арттырады В Казахстане могут объявить в розыск активиста Серикжана Билаша Ни хлеба, ни зрелищ: творческие люди в Казахстане не в цене Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды Сотрудников министерства культуры Узбекистана обязали носить дуппи на работе Алексей Цой: «Вакцинация 70% населения позволит снизить пандемию до уровня сезонных заболеваний» Что стоит за выкупом акций Народного банка? Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды На фоне роста депозитной базы вклады  в Jusan Bank, Bank RBK и Нурбанке снижаются Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді Коммунистическое прошлое не позволило Сауле Омаровой занять престижную должность в США Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды 9-летняя астанчанка стала чемпионом мира по джиу-джитсу Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды Многодетная семья из Караганды получила 122 тенге соцпомощи На нефтяной рынок поступили «бычьи» сигналы Фонд Батырхана Шукенова выпустил пластинку «Отан Ана» Токаев обещает построить четыре трансграничных хаба Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады Фонд Динары Кулибаевой выделит Т520 млн на продукты для 20 тысяч семей

Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық конференциясы ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрында Еуропа, Америка, Ресей, Жапония, Түркия, Украинадан келген отандық және шетелдік ғалым-зерттеушілердің қатысуымен шараның ашылу салтанаты өтті.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Салтанатты жиында «Айбыны асқан Алтын Орда» әдеби-театрландырылған қойылым көрсетілді. Онда Шыңғыс ханнан Жәнібек ханға дейінгі Алтын Орда тарихы мен атақты батырлар мен басқа да тарихи тұлғалардың бейнелері көркем бейнеленген. Сондай-ақ, Алтын Орда, Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда мұрагері Қазақ хандығы хандарына арналған алтын қайықтағы қыз туралы аңыз тақырыбында театрландырылған композициялар ұсынылды. Шара дәстүрлі ұлттық халық музыкасының концертімен жалғасты.

Аталған конференцияға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады. Президенттің құттықтау хатын президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев оқыды.

Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық ғылыми қауымдастықтың алдында ортақ шежіремізді бірлесе зерттеу міндеті тұр. Сондай-ақ, туризмді дамыту үшін Алтын Орда дәуірінен жеткен құнды жәдігерлерді дүние жүзіне танытудың маңызын еске салды.

Бұл алқалы жиын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесіне орай өткізілуде. Алтын Орданың тарихы қазіргі Қазақ мемлекеттігінің жылнамасымен тығыз байланысты. Әйгілі Жошы хан кесенесі мен Сарайшық қаласының Қазақстан аумағында орналасуы және шетел мұрағаттарынан көптеген жазба деректердің табылуы – осының айқын дәлелі.

- Шын мәнінде, Алтын Орданың тарихы әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Түрлі себептерге байланысты төл шежіреміздің осы бірнеше ғасырлық кезеңі назардан тыс қалды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін ғана бұл олқылықтың орнын толтыруға жол ашылды. Елбасының бастамасымен қолға алынған ауқымды бағдарламалар жұртымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты, - деді Тоқаев.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33