Қазақстан мен Қытай шекара бойынша келісімге келді
Поддержать

Қазақстан мен Қытай шекара бойынша келісімге келді

Қытай Қазақстаннан келетін пойыздарды шекарадан көбірек өткізеді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Екі ел шекарасындағы бүгінгі жағдайға байланысты өткен онлайн кеңесте осындай келісімге қол жеткізілді.

Жиынға екі елдің осы саладағы ұлттық компаниялары мен ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Қытай Қазақстанға импорттық контейнерлерді жөнелтуді тездетуге ниет танытты.

Ұзақ уақыттан бері екі ортада тұралап қалған жүктердің тең жарымы айдың аяғына дейін межелі жерге жіберіледі, делінген Қазақстан темір жолы таратқан хабарламада.

Компания мәселені шешу үшін барлық шара жасалып жатқанын, оны Үкімет өз бақылауына алғанын атап өтті.

Еске салайық, Асқар Мамин мемлекеттер арасында автомобиль және теміржол арқылы жүк тасымалдауда кедергі барын айтып, Қытай премьері Ли Кэцянның атына хат жолдаған болатын.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.