Трамп Марк Цукербергті қылмыскер деп айыптады
Поддержать

Трамп Марк Цукербергті қылмыскер деп айыптады

АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп Facebook-тің негізін қалаушы және бас директоры Марк Цукербергті қылмыскер деп атады және оны президенттік сайлауға кедергі жасады деп айыптады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Марк Цукерберг, менің ойымша, 400 миллион доллардан астам қаражат жұмсап, президенттік сайлаудың бағытын өзгертетін қылмыскер, — деді Трамп.

Өткен жылдың күзінде АҚШ президентінің сайлауы қарсаңында қаражат бөлу туралы әңгіме қозғалған. Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан технология және азаматтық өмір орталығына (CTCL) және сайлау саласындағы инновациялар мен зерттеулер орталығына (CEIR) 419,5 миллион доллар сыйға тартты.

Қайырымдылықты қолдана отырып, CTCL және CEIR жергілікті билік органдарына коронавирустың сайлау учаскелерінде таралуын болдырмау үшін қорғаныс құралдарын, пошта бюллетеньдерін өңдеуге арналған жабдықты және тағы басқаларды төлеуге қаражат бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп өзге елдерді Twitter және Facebook-ке бойкот жариялауға шақырды және бұл компанияларға, сондай-ақ олардың басшылары Марк Цукерберг пен Джек Дорсиге қарсы сот ісін қозғағанын айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.