Министр болашақта оқушылардың мектепке кітап апармайтынын айтты
Поддержать

Министр болашақта оқушылардың мектепке кітап апармайтынын айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы 5 жыл ішінде елімізде бірқатар сала толық цифрландырылатынын айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде елімізде бірқатар сала толық цифрландырылады.

— Медицина мен білім беру жүйелерінде ауылдық жерлерімізде қызмет сапасы төмендеу. Бәрімізге белгілі ауылдық жерлердегі сапаны арттыру үшін білікті мұғалімдер мен мамандар қажет. Сонымен қатар оларды ол аймақтарға қалай апару керек. Мұндай проблема бар және оны ойластыру қажет. Сол себепті медициналық сұрақтарды шешу үшін біз диагностиканы цифрлық форматта жүргізуіміз керек, — дейді Бағдат Мусин.

Министр алдағы жылдары оқушылар мектепке кітапсыз баратынын айтты. 

Мектептерге цифрлық технологияларды барынша енгізіп, оқушылар кітаптарды өзімен бірге тасып жүрмейтіндей етіп, барлығын цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр, — деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.