Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді
Поддержать

Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді

10 қараша күні Алматы әуежайына Qatar Airways авиакомпаниясының ұшағы Pfizer вакцинасын жеткізді. Бұл Қазақстанға жеткен Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы. 

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша бөлу басталады. Қазақстан барлығы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, оның 2 миллион 115 мың дозасы жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерін болдырмау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады», — деді «СК Фармация» баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балаларға екпе салу жоспарлануда. Алайда, бұл ерікті түрде болады. Балаларға мектептерде тек ата-аналарының келісімімен екпе салатын болады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.