Жамбыл облысы: Қару ұстаған екі оқушының ойыны қайғылы оқиғамен аяқталды
Поддержать

Жамбыл облысы: Қару ұстаған екі оқушының ойыны қайғылы оқиғамен аяқталды

Жамбыл облысында оқушылардың ойыны қайғылы жағдаймен аяқталды. 9-сынып оқушысы көршісінің үйінде тирдің мылтығына атылып өлген. Қайғылы жағдай кезінде жасөспірім сол үйдің өзінен бір жас кіші баласымен болған.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Тескентоған ауылындағы қайғылы жағдай кеше күндізгі сағат бес шамасында болған. Ауылдасының үйіне кеткен Бақтәулет Балқарбайдың басына оқ тиіп ажал құшқан.
Бүгін оның денесі мәйітханадан үйіне жеткізілді. 14 жастағы марқұмның жақындары қайғылы жағдайдың нақты қалай болғанын білмейді.Тәртіп сақшылары оның басын тир оғы тесіп өткенін айтыпты. Жарақаты ауыр балақайды дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмаған.

Ал қайғылы оқиға болған үйде Бақдәулет өзінен бір сынып төмен оқитын досымен жүріпті. Екеуі пневматикалық қаурды ермек қылса керек. Сөйтіп байқаусызда шүріппесі басылып кетіп, бір түйір қорғасын Бақдәулеттің басын жарған, — деп хабарлады «КТК» арнасы.

Полиция қызметкерлері екі бала аулаға құс ату үшін қару алып шыққанын айтты. Бұл істің мән-жайы жан-жақты тергеліп жатыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.