Сарыағашта пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрлаған қызметкер ұсталды
Поддержать

Сарыағашта пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрлаған қызметкер ұсталды

Сарыағашта пошта қызметкері мен оның екі сыбайласы мекемеден 35 миллион теңгені жымқырып кеткені анықталды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Түркістандағы полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтық жолмен ақша ұрлаған пошта қызметкерін және оның екі сыбайласын ұстады.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға аудандағы пошталардың бірінің қызметкері арызданып, мекемеге тиесілі 35 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адамдардың қолды еткенін айтқан.

Сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, қажетті шараларды атқарды. Оқиға орын алған мекемеге барған тәртіп сақшылары бейнекамералардың жазбаларын мұқият тексеріп, айғақты заттарды іздей бастады. Бірнеше күнге созылған жедел жүргізілген жұмыстар кезінде күдікті ретінде пошта қызметкері, яғни жігіт анықталды. Ұсталған жігіт Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Айта кетейік, алаяқтық жолмен ақша жымқырды деген үш азамат қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.