Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды
Поддержать

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов түсірген «Желтая кошка» фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» хикаясын баяндайды. Бұл қылмысқа белшесінен батқан жас жігіт Кермек пен адасқан қыз Еваның басынан өткерген қиындықтары туралы махаббат хикаясы.

Кермек рөлін Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шалиопаның «28 панфиловшылар» фильмдерінде ойнаған ресейлік актер Азамат Нығманов сомдады. Еваның рөлін қазақстандық жас актриса Камила Нұғманова сомдады.

Айта кетейік, «Оскар» сыйлығына үміткерлер 2022 жылдың 8 ақпанында жарияланады, ал марапаттау рәсімі 2022 жылдың 27 наурызында өтеді.

«Оскар» – АҚШ киноөнері академиясының жыл сайынғы тапсырылатын жүлдесі. Бұл АҚШ-тың ең танымал киноматографиялық марапаты. «Оскарды» тапсыру салтанаты әлемнің ондаған елдерінде тікелей эфирде көрсетіледі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.