Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге көтеріледі
Поддержать

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге көтеріледі

Қазақстандағы мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын көтеріледі. Үкімет отырысы өтіп, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспары туралы айтылды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда 1,2 миллион мемлекеттік қызметкер бар. 2023 жылға дейін жалақыны жыл сайын арттыру жоспарлануда, бұл 651 мың адамды – мұғалімдерді, дәрігерлерді, әлеуметтік қызметкерлердің жекелеген санаттарын қамтиды.
Мұғалімдердің еңбекақысы жыл сайын 25%-ға өседі, ал 2023 жылға екі есеге өсіп, 375 мың теңгеге дейін жетеді.

Дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30 пайызға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе өсіп, 561 мың теңгеге дейін жетеді.

Фельдшерлер жалақыларын жыл сайын 20%-ға дейін арттырады деп күтілуде. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, жалақылары 229 мың теңгеге жетеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.