Қазақстанның үздік университеттері бақылаудан босатылады
Поддержать

Қазақстанның үздік университеттері бақылаудан босатылады

Студенттер сапалы біліммен қамтамасыз етілген еліміздегі үздік университеттер сыртқы бақылаудың түрлі түрінен босатылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақпаратпен бөлісті.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Үздік университеттер әртүрлі сыртқы бақылау түрлерінен босатылады. Білім сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады. «Білімді ұлт» Ұлттық жобасы білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізгі векторларын анықтады. Біз жұмысты жалғастырамыз, — деп сендірді Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі.

Жалпы, министрдің айтуынша, елімізде білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау күшейтілген.

— Тексерулер жүріп жатыр. Сапасыз білім беретін университеттерді жабу үшін 500-ге жуық сот процесі, 300 әкімшілік іс жүргізілді. Лицензиялар да қайтарылды. Осыған дейін 86 жоғары оқу орны оқытушы дайындаса, қазір 50-ге жуық жоғары оқу орны ғана ұстаз дайындайды. Алдағы уақытта бұл жұмысты жалғастырамыз, — деп қосты Аймағамбетов.

Министр соңғы жылдары гранттар саны екі есеге артқанын атап өтті. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 75 мың грантқа жеткізу жоспарлануда. Студенттерге арналған шәкіртақы мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды. Сонымен қатар, мұғалімдердің жалақысы да екі есеге өсті.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.