Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шықты – ХВҚ
Поддержать

Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шықты – ХВҚ

Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен келіссөз жүргізіп, Қазақстандағы экономикалық ахуал, сондай-ақ пандемия салдарын төмендету және халық пен бизнесті қолдау бойынша ҚР-да жүргізіліп жатқан саясат бойынша ХВҚ-ның сараптамалық болжамдарымен танысты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Ресми органдардың әрекет ету шаралары халықтың табысы мен экономикалық белсенділікке тиген соққы әсерін жұмсартуда маңызды рөл атқарды. Экономикалық саясат шаралары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуді, әлжуаз үй шаруашылықтарына ақшалай төлем беруді және аса зардап шеккен секторлар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарына атаулы көмек, оның ішінде жеңілдетілген несие мен салықтық жеңілдіктер беруді қамтыды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясындағы жобалар жұмыспен қамтуды қолдауға ықпал етті, — делінген ХВҚ миссиясының мәлімдемесінде.

Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстанның қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларына, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне жоғары баға берді.

Айта кетейік, ХВҚ миссиясы Қазақстанға ХВҚ келісімінің IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды өткізу үшін жылына екі рет келеді.

Үкімет басшысының ресми ақпараттық ресурсының мәліметінше, тараптар ақша-несие, валюта, салық-бюджет саясаты, банк саласындағы ахуал, жеке секторды дамыту және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономиканың құрылымдық реформалары мәселелерін талқылады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.