Ердоғанға «Түркі әлемінің» картасы табыс етілді
Поддержать

Ердоғанға «Түркі әлемінің» картасы табыс етілді

Режеп Ердоғанға Ұлттық қозғалыс партиясының жетекшісі Ресейдің бірқатар облыстары, соның ішінде Сібір сары және қызғылт сары түстермен белгіленген «Түркі әлемінің» картасын табыстады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

«Ұлттық қозғалыс» партиясының жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ресей аумағының, соның ішінде Сібірдің едәуір бөлігін қамтитын «Түркі әлемінің» картасын сыйға тартты. Бахчели картаны Ердоғанға тапсырған фотосурет партияның Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Картада Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қызыл түспен белгіленген.

Сары түспен Қытайдың Алтай өңірі, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы және Якутия белгіленген. Жарияланған фотосуреттің қолтаңбасында бұл түстер нені білдіретіні көрсетілмеген.

Айта кетейік, 12 қарашада Стамбулда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) саммиті өтіп, өз атауын түркі мемлекеттері ұйымына өзгерту туралы шешім қабылдады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.