Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды
Поддержать

Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды

Жамбыл облысында қатты дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Жел кезінде жасөспірім үйдің төбесінде болғандығы айтылады.

— Жас жігіт жерге құлаға. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Айта кетейік, Таразда желдің екпіні секундына 38 метрге дейін жеткен, — делінген хабарламада.

Барлығы 51 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның 10-ы ауруханаға жатқызылды. Тексеруден кейін қалғандары үйге жіберілді.

Еске салайық, 17 қараша күні Жамбыл облысында қатты жел, боран болды. Батыс Еуропа — Батыс Қытай автотрассасының бір бөлігі жабылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.