суббота, 29 января 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Зеленский призвал западные СМИ не нагнетать панику по поводу войны с Россией За полторы недели в «Қазақстан халқына» было перечислено Т52 млрд В Алматы на пробивку двух участков улицы Толе би планируют потратить Т17 млрд ҚМДБ қабірді қайта ашуға рұқсат берді Фонд Кулибаевых «Халык» выделил дополнительные 10 млрд в фонд «Қазақстан халқына» Бауржан Байбек, Дарига Назарбаева, Аскар Мамин: Кого ещё нет в новом составе политсовета партии Nur Otan? Пограничный конфликт между Кыргызстаном и Таджикистаном имеет глубокие корни «Нұр Отан» партиясының жаңа төрағасы сайланды Токаев единогласно избран председателем партии «Nur Otan» В адрес правозащитников поступило два десятка жалоб, касающихся пыток Алматыдағы ескі алаңды Қонаевтың атына өзгерту ұсынылды СМИ: «Расправа» над семьёй Назарбаева оказалась спектаклем Подавляющее количество краж в стране совершают безработные Министры каких ведомств в Казахстане менялись чаще всего? Процедура маркировки обуви привела к тому, что обувь подорожала на 10-20% ҰҚШҰ Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайға пікір білдірді Депутатом сената стала глава Ассоциации женщин с инвалидностью Алихан Смаилов провёл совещание по вопросам согласованной работы правительства на 2022 год На границе Кыргызстана и Таджикистана произошли столкновения Каких прав сенат лишил Елбасы и за что присвоили Масимову гриф «совершенно секретно»? Почувствуют ли казахстанцы положительные изменения в 2022 году? Қытай концлагеріндегі азаптау туралы кітап шықты Дворцы Назарбаевых в Алматы — под горами и за высокими заборами - СМИ Қазақстанда «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығы құрылды Президент провел заседание Совета Безопасности

Тоқаев банктердің экономиканы несиелендіруде айтарлықтай әлеуеті бар екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың оңтүстік астанаға жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен шараға Президент Әкімшілігі мен басқа да бірқатар орталық органдардың басшылары, жетекші қаржы және банк құрылымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуді аша отырып, Тоқаев мұндай құрамдағы бірінші кездесу екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің қаржы саласында бірқатар өзекті мәселелер қордаланып қалған, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау маңызды.

- Белгілі бір қиындықтарға тап болған қаржы нарығы үшін өткен бір жарым жыл оңай болған жоқ. Осындай жағдайларда экономикадағы да, қаржы жүйесіндегі де біздің басты міндетіміз дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы тұрақтылықты қамтамасыз ету болды және солай болады. Негізінде біз өсу траекториясына шыға алдық, – деді мемлекет басшысы.

Бұдан кейін жиынға қатысушылардың қаржы секторын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын тыңдаған Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Тоқаев бірінші назар аударған нәрсе – қаржы секторының тұрақтылығы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қаржы секторы дәрменсіз банктерден тазартылды, сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық үмітсіз несиелер есептен шығарылды. Баяндамада айтылғандай, 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің деңгейі банктердің несие портфелінің 4,3 пайызын құрайды – бұл соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Осыны негізге ала отырып, мемлекет басшысы жүйелі тәуекелдердің жинақталуына жол бермеу шараларын күшейтіп, қажетті сабақ алуға шақырды.
Мемлекет басшысы бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында банктердің экономиканы несиелендіруде айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі 12,2 трлн.

- Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, несие ұйымдарының басшыларына ішкі тәртіпті күшейту мәселесін пысықтауды, жеке қызметкерлерінің, коллекторлардың борышкерге қиянат жасамауын қарастыруды сұраймын, – деді ол.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33