Қазақстанда 8,2 триллион теңгеден астам салық жиналды
Поддержать

Қазақстанда 8,2 триллион теңгеден астам салық жиналды

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,2 пайызға орындалды. Жоспар 8 118,7 млрд теңге болса, 179,9 млрд теңгеге артығымен орындалып 8 298,6 млрд теңге түсті. Мемлекеттік кірістер комитеті осындай мәлімдеме жасады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 30,7% немесе 1 948,5 млрд теңгені құрады.

— Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең көп өсімі мұнайға экспорттық кедендік баждар бойынша 400,9 млрд теңгеге немесе 1,9 есеге, корпоративтік табыс салығы 481,2 млрд теңгеге немесе 48,5%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 194,2 млрд теңгеге немесе 36,9%-ға, 3 елден импортқа ҚҚС 110,3 млрд теңгеге немесе 21,0%-ға және пайдалы қазбаларды өндіру салығы 107,0 млрд теңгеге немесе 47,9%-ға өсті, — деп жазды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 айда негізгі экспорттық баптарға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнай 68,8%-ға, мыс 56,0%-ға, алюминий 46,4%-ға, мырыш 34,5%-ға, күміс 29,2%-ға, қорғасын. 20,9%-ға және алтын 2,7%-ға өсті. Шикі мұнайға экспорттық кедендік баждың мөлшерлемесі 64,0%-ға өсті (2020 жылдың 10 айында орташа мөлшерлеме – 1 тоннаға 37,5 доллар, 2021 жылдың 9 айында – 1 тоннаға $61,5).

Елдермен тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қазанда 10,0%-ға өсті (экспорт 21,9%-ға өсті, импорт 10,5%-ға төмендеді). 9 айда тауар айналымы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7%-ға өсті (63 917 млрд теңгеден 82 293 млрд теңгеге дейін).




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.