Ya Metrika Fast


English version

Атамқұлов Қазақстанда жаңа зауыттар салу жоспары туралы айтты

События дня — 23 ноября 2021 00:00
0
Изображение 1 для Атамқұлов Қазақстанда жаңа зауыттар салу жоспары туралы айтты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда жаңа зауыттар салу жоспары туралы айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, отандық тауарлар өнімін кеңейту мақсатында жаңа өндіріс орындары іске қосылады.

— 2022 жылы Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна «Orda Glass LTD» жалпақ шыны өндірісі жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.
Инвестициялар 42,1 млрд теңгені құрайды» деді Атамқұлов үкімет отырысында.


Чингиз Айтматов

Зауыт ішкі нарықтың қаңылтыр мен шыныға деген қажеттілігінің 98 пайызын өтейтін болады. Сондай-ақ 2023 жылға қарай шетелдік инвесторлардың қатысуымен керамикалық плитка шығаратын үш жаңа кәсіпорын іске қосылады. Бұл ішкі нарықтағы тұтынудың 90 пайызын жабуға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін Жамбыл және Павлодар облыстарында кальцийлендірілген сода өндіретін тағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.