воскресенье, 23 января 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Насколько велико расслоение в Казахстане в сравнении с другими странами Почти в половине административных дел по январским событиям суд ограничился предупреждением Правительство поручило ускорить работу по возмещению ущерба бизнесу Тоқаев Бас прокуратура мен ІІМ-не тапсырма берді Совещание с силовиками и спецслужбами провёл Токаев ЕЭК Кеңесінде Қазақстанның атынан Сұлтанов өкілдік етеді Присоединиться к договору о запрещении ядерного оружия призывает Казахстан Болат Жамишев: перечисления в фонд «Қазақстан Халқына» будут осуществляться в рамках налоговых льгот Туыстарым мен арқылы бір шаршы метр жер алған емес - БҚО әкімі Бахыт Султанов станет представителем Казахстана в совете ЕЭК Глава МИД рассказал о январских событиях на заседании в ОБСЕ Казахстанцы могут сообщать о завышенных ценах на продукты - эксперты Колебания в нефти привели к снижению тенге Тоқаев: Еліміздегі білім жүйесін өзгерткім келеді Айдос Сарым: Решение Европейского Парламента является элементом политической игры Страховые компании Казахстана упростили рассмотрение страховых случаев О чем говорил Токаев на встрече с бизнесменами? Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды - Тоқаев АО «Ак Алтыналмас» повышает заработные платы сотрудникам Кенес Ракишев и Асель Тасмагамбетова перечислят Т1 млрд в фонд «Қазақстан халқына» Генпрокуратура опубликовала номера дежурных прокуроров для жалоб казахстанцев Открыт прием заявок для бизнесменов Казахстана на возмещение ущерба - НПП «Росатом» Қырғызстанда АЭС салады МИД отреагировал на заявление Европарламента с критикой в адрес властей Казахстана Франция Әблязовқа тағылған айыпты алып тастауға шақырды

Желіде өз өліміне колония әкімшілігін кінәлауды сұраған сотталушының видео хабарламасы тарады

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының видео хабарламасы тарап жатыр.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Сотталушы видео хабарламада өзінің өліміне күзет мекемесінің әкімшілігін кінәлауды сұрайды.
Видео Instagram желісінде пайда болып, дау тудырды. Бейнежазба авторы өліміне мекеме әкімшілігін кінәлі деп айыптауды сұрайды. Ер адам камераға денесіндегі тыртықтарын көрсеткен.

Бұл жазбаға Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінде түсініктеме берілді. Ведомствода сотталушының ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқанын атап өтті.

- 11-15 қарашада АК-159/18 мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тыйым салынған заттарды тәркілеу мақсатында тінту жүргізілді. Осы іс-шаралар барысында 40-тан астам мобильді құрылғы мен 0,5 келіге жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Тінту аяқталғаннан кейін бірқатар сотталушылар тыйым салынған заттарды алып қоюмен келіспейтіндіктерін айтты. Видео да тінтуден кейін пайда болды. Осылайша сотталғандар мекеме әкімшілігіне айла-шарғы жасап, жалтаруға тырысады. Тыйым салынған заттарды сақтауға жауапкершілік жүктеледі, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент тінту прокуратура, қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысуымен өткенін айтты.

Процесс бейнебақылау камераларына, сондай-ақ колония мен Ұлттық ұлан офицерлерінің бейнетіркегіштеріне түсірілген. Тексеру кезінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

https://www.instagram.com/tv/CWmmZeFq5g9/?utm_source=ig_web_copy_link

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33