Түркия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Поддержать

Түркия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Түрік лирасының бағамы әлсірегеннен кейін Стамбул мен Анкарада стихиялық наразылықтар өтті. Наразылық білдірушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Халық көшелермен жүріп өтіп, ұрандарын айтып, үкіметтің отставкаға кетуін және президент Режеп Тайып Ердоғанның әділдік танытуын талап етті.

Тәртіп сақшылары бұл жағдайға қатысты шешім қабылдайтындарын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Түрік лирасының долларға шаққандағы бағамы 23 қараша күні рекордтық деңгейде төмендеді.

Түркияның валютасы 5 пайызға әлсіреп, АҚШ долларына қатысты 11,9990 және евроға қатысты 13,4035 рекордтық деңгейге жетті.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.