Қазақтың «самурайы» 68 жасында дүниеден озды
Поддержать

Қазақтың «самурайы» 68 жасында дүниеден озды

Ақын-диссидент, саяси тұтқын Арон Атабек 24 қараша күні түнде қайтыс болды. Бұл туралы азаматтық белсенді Айсұлу Әбубәкірова мәлімдеді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Арон Атабек 20:00-ден кейін ауруханада қайтыс болған. Оның жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.

Еске салайық, Арон Атабек 2006 жылы 14 шілдеде Алматының іргесіндегі тұрғындар полиция күштеріне қарсылық көрсеткен «Шаңырақ оқиғасынан» кейін сотталған. Қақтығыс кезінде бағанаға байланып, өртеніп кеткен 24 жастағы полицей қаза тапты. Билік оның өліміне бірнеше жергілікті тұрғындар мен сол күні Шаңырақта болған Атабекті айыптады.

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. 20 қыркүйекте қазақстандықтар президент әкімшілігіне Атабекке кешірім беруді сұрап үндеу жолдаған. 1 қазанда Арон Атабектің жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі пробациялық бақылау орнатылып, міндеттер жүктелуімен бас бостандығын шектеу жылына ауыстырылды. Сол күні ол босатылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.