четверг, 09 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
В столице провакцинировано 65 процентов жителей Комитет ООН признал нарушение прав Шарипа Куракбаева Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады Тенге продолжает восстановление PTC CARGO стал оператором первого регулярного поезда из Китая в Грузию Қазақстан тауар биржаларына қойылатын талаптарды арттырады В Казахстане могут объявить в розыск активиста Серикжана Билаша Ни хлеба, ни зрелищ: творческие люди в Казахстане не в цене Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды Сотрудников министерства культуры Узбекистана обязали носить дуппи на работе Алексей Цой: «Вакцинация 70% населения позволит снизить пандемию до уровня сезонных заболеваний» Что стоит за выкупом акций Народного банка? Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды На фоне роста депозитной базы вклады  в Jusan Bank, Bank RBK и Нурбанке снижаются Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді Коммунистическое прошлое не позволило Сауле Омаровой занять престижную должность в США Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды 9-летняя астанчанка стала чемпионом мира по джиу-джитсу Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды Многодетная семья из Караганды получила 122 тенге соцпомощи На нефтяной рынок поступили «бычьи» сигналы Фонд Батырхана Шукенова выпустил пластинку «Отан Ана» Токаев обещает построить четыре трансграничных хаба Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады Фонд Динары Кулибаевой выделит Т520 млн на продукты для 20 тысяч семей

Қазақстанның бас мүфтиі «Қара жұма» атауын өзгертуге шақырды

ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Қара жұма» сөзін «Жомарт жұма» деп ауыстыруды ұсынды. Ақпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында жарияланды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

- Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын, - деді ол.

Бас мүфтидің айтуынша, жомарт жұма халқымыздың ұғымына сай келеді. Бұл Ислам діні ұстанатын халқымызға деген құрмет.

- Жомарт жұма – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді, - делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33