Кузбасс шахтасындағы жарылыс салдарынан 52 адам қаза тапты
Поддержать

Кузбасс шахтасындағы жарылыс салдарынан 52 адам қаза тапты

Кузбастағы «Листвяжная» шахтасындағы апат болып, 52 адам қаза тапты, оның алтауы құтқарушы болды. РИА Новости мәліметінше, Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі хабарлады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Бас прокурордың орынбасары Дмитрий Демешиннің айтуынша, төтенше жағдайдың себебі ұшқыннан туындаған метанның жарылуы.

Тергеу барысында шахтаның 47 жастағы директоры, оның 59 жастағы бірінші орынбасары және 36 жастағы учаске бастығы ұсталды.

— Ұсталғандар қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол бергені анықталды. Нәтижесінде газодинамикалық құбылыс пайда болған, — делінген тергеу комитетінің хабарламасында.

Қылмыстық іс «екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу» бабы бойынша қозғалды. Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.