понедельник, 06 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Атырауские рыболовы нанесли самый большой урон в стране Қазақстан мен Өзбекстан 200 миллиард теңге көлеміндегі келісімге қол қойды В Казахстане молодых предпринимательниц стало больше на 15% за год Известного супермарафонца судят за критику власти Ердоған Түркияның халықаралық атауын өзгертті Зеленский анонсировал «экономический паспорт украинца» Касым-Жомарт Токаев: IPO регионального лидера в сфере финтеха Kaspi.kz позволило повысить динамичность рынка капиталов Итоги недели от ИАЦ «Альпари»: макроэкономика, нефть, драгметаллы Тенге обвалили интервенции - эксперт Есеп-шот бойынша ақпарат 2025 жылға дейін берілмейді В Международный день инвалидов прошли два митинга с требованием санкций и отставок министров До 2025 года сведения по счетам передаваться не будут Ұлттық банк теңгенің не үшін құнсызданып кеткенін түсіндірді Үш елдің президенттері Ресейге қарсы санкциялар енгізуге шақырды Почему удвоили стоимость строительства аэропорта в Уральске? В Казахстане цены на стройматериалы подорожали на 30% за год Отечественных товаропроизводителей больше поддерживают коммерческие компании, нежели госорганы Оңтүстік Африка ғалымдары омикрон штаммына қатысты мәлімдеме жасады Как изменится порог достаточности для снятия пенсионных накоплений в Казахстане в 2022 году? В Казахстане спрос на SMM-специалистов стал больше, чем на официантов В Атырауской области выявлены финансовые нарушения на сумму более Т11 млрд - счетный комитет Заң жобасына сәйкес жарнама мен жол белгілері қазақ тілінде жазылатын болды Казахстанцы уменьшили свои долги перед банками почти на 42 млрд тенге - СМИ Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға көшу туралы айтты Что происходит с нефтью и как реагируют рынки на новый штамм коронавируса?

Бүгін Арон Атабектің денесі жер қойнауына тапсырылды

Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға жүзге жуық адам жиналды, деп Orda.kz хабарлайды.

Редакциясының тілшілері оны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты.

Кеше, 25 қараша кешкі сағат 18:00-де Атабектің қонақ асы болған. Бүгін жаназасы оның қарындасы Рәзия Нутышеваның үйінде оқылды. Жаназа сағат 10:00-де оқылды. Осы уақытта Рәзия Нутышеваның үйіне жетпей бір жарым шақырым жерде полиция қызметкерлері жолды жауып тұрды. Себеп ретінде жолдың тазаланбағанын айтылды. Көлігі барлар көліктерін тастап, әрмен қарай жаяу баруы тиіс екені ескертілді.

Қара көлік топ бастаған көліктер Бағанашылдағы зиратқа жол тартты. Бас-аяғы жүзге тарта адам болған. Зират басына оппозиция өкілдері мен тіркелмеген партия мүшелері қосылды. Жерлеу рәсіміне Нұржан Әлтаев, Жанболат Мамай, Еркін Рақышев, Балташ Тұрсынбаев, Жасарал Қуанышалин және партия жақтастары мен белсенділер келді. Қосылған адамдармен қоса есептегенде зират басында 200-ге жуық адам жиналды. Адам көп жиналған жерде әкімдік қызметкерлері мен, камера ұстап жүрген азаматтар болды.

Арон Атабектің денесін көліктен түсіргеннен кейін табыт жанына жиналғандар сөз алып, еске алу сөздерін айтты. Мұратбек Есенғалиев пен Жасарал Қуанышалин диссидент ақынның түрмеден шыққаннан кейінгі хәлі мен айтқан сөздерін еске алды.

– Арон ағамыздың қарындасының айтуынша, ауруханаға бара жатқан кезде жедел-жәрдем көлігінде жатып «Бисмиллях» деп айтқан екен. Өзі жатқан емхананың адамдары намазхан кісілер болған, олар да ағамызға кәлима айтқызған екен. Сондықтан Арон Атабек мұсылман болып дүниеге келді, мұсылман болып дүниеден өтті.

Еске салсақ, 24 қараша кешкі сағат 20:45-те диссидент ақын Арон Атабек 68 жасында көз жұмды. Ол «Шаңырақ» оқиғасына қатысты 18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп, денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған. Кейін Арон Атабек жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатқаны белгілі болды. Артынша диссидент ақын жансақтау бөліміне түскен.

Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Диссидент қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылды.

Фото: Orda.kz

 

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33