Қазақстанмен Қырғызстан көмір импортын көбейтуге келісті
Поддержать

Қазақстанмен Қырғызстан көмір импортын көбейтуге келісті

Қырғызстан Қазақстандағы «Шұбаркөл» кенішінен көбірек көмір тасымалдайтын болады. Бұл туралы радио Азаттық хабарлайды.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын күндері Қырғызстанға 247 вагон көмір жеткізіледі. Билік көмірді халыққа тоннасын 4 мың 600 сомнан (23,4 мың теңге немесе 54 доллар) артық сатпауға уәде беріп отыр.

Қазақстандық көмір Бішкек, Шу облысының Шопоков, Қайыңды, Тоқмақ және Қант қалаларында сатылатын болады.

Қырғызстанда суық түскелі бері көмір тапшылығы байқалып жатыр. Оның үстіне былтырғы жылмен салыстырғанда көмір бағасы 20% қымбаттаған.

16 қарашада президент Садыр Жапаров тоннасы 3 мың сомнан аспайтын көмір сататын орындар ашуды тапсырған. Бірақ бұл ұзын-сонар кезек туғызып, әрбір сатып алушыға екі тоннадан артық көмір бермейтін болды.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.