Елордада тұрғын алаптарының тағы бір бөлігі газға қосылды
Поддержать

Елордада тұрғын алаптарының тағы бір бөлігі газға қосылды

Астанада Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарының тағы бір бөліктері газға қосты. 

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды. 

Нұр-Сұлтанда Қазақауыл, Ақбидай шағынаудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесінің ескі бөлігінде көгілдір отынды бере бастау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Нұр-Сұлтанда газға Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендері, сондай-ақ ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 екі жылу электр орталығы қосылды. 650 км кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. 

«Осылайша, қазір елорданың 11 мың үйі газға қосылуға қол жеткізе алады. Газбен жабдықтаудың ішкі желілерін дайындаған тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтініммен жүгінуі қажет. Жыл соңына дейін Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі», — деді әкімдіктен.

 

 

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.