Ұлттық банк JETI QAZYNA монеталарын сатылымға шығарды
Поддержать

Ұлттық банк JETI QAZYNA монеталарын сатылымға шығарды

Ұлттық банк 2021 жылғы 30 қарашадан бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

nationalbank.kz сайтында JETI QAZYNA коллекциялық монеталарына мынадай сипаттама берілген:

Ежелгі аңыз бойынша, нағыз қазақ көшпендісінің басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт.

Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – ұрыста сәтсіздікке ұшыратпайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.