Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға көшу туралы айтты
Поддержать

Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға көшу туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде балалар ертеңгілігін өткізу және эпидемиологиялық жағдайға қатысты қашықтан оқу туралы сұрақтарға жауап берді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

– Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келсек, мектептерде болмайды. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық шаралар өтпейді. Бір сынып ішінде мерекелерді өткізу мектеп әкімшілігі деңгейінде жүргізіледі, – деді Аймағамбетов Сенат отырысында.

Министрге омикрон штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

– Бұл туралы айту әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз, – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.