Заң жобасына сәйкес жарнама мен жол белгілері қазақ тілінде жазылатын болды
Поддержать

Заң жобасына сәйкес жарнама мен жол белгілері қазақ тілінде жазылатын болды

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі күшейтуге бағытталған заң жобасын мақұлдады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен енгізілген.

Депутат Берік Әбдіғалиұлының пікірінше, заң жобасына енгізілген бұл түзетулер қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттырады.

— Мен бұл түзетулер қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде барған сайын көтеріліп келе жатқан мемлекеттік тілдің мәртебесі мәселелерін шешуге бір қадам жақындатады деген үмітімді тағы да айтқым келеді. Біз бұл ұсыныстар әрбір азаматтың, әсіресе кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз, — деді ол.

Фото: tilalemi.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.