Ұлттық банк теңгенің не үшін құнсызданып кеткенін түсіндірді
Поддержать

Ұлттық банк теңгенің не үшін құнсызданып кеткенін түсіндірді

Ұлттық Банктің құбылмалылық пен алыпсатарлық ахуал кезеңіндегі әрекеттері туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова сұхбатында айтып берді. Төраға орынбасарының айтуынша, теңгенің әлсіреуіне үш түрлі себеп бар.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Шынында да, кеше, 2 желтоқсанда биржадағы теңге-доллар жұбымен сауда-саттық көлемі 292 млн АҚШ долларына жетті, бұл 2020 жылғы сәуірден бастап рекордтық деңгейге жатады. Сауда-саттық көлемінің өсуі және бір доллар үшін 436 теңге белгісіне дейін бағамның әлсіреуі шетел валютасына сұраныстың артуы аясында орын алды, ол мынадай факторларға тікелей байланысты болды. Біріншіден, «Омикрон» штаммының таралуына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты мұнай бағасының күрт құлдырауы себеп болды. Мәселен, 1 желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 70 доллардан төмен түсіп, биылғы жылғы тамыздан бастап ең төменгі деңгей – 68,14-ке жетті, — деді Молдабекова.

Теңге бағамының әлсіреуіне екінші себеп – мұнай бағасының төмендеуі.

— Екіншіден, мұнай бағасының жергілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына қосымша ішкі сұранысты туындатты, 1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болғандықтан, сұраныстың бір бөлігі ЕДБ онлайн платформалары арқылы іске асырылды. Сондықтан жүйелері валютаны онлайн айырбастауға мүмкіндік беретін барлық банктер 2 желтоқсан күні таңертең «қысқа» позицияда болды, яғни олар жұмыс уақытынан тыс уақытта өз клиенттеріне сатылған валютаны сатып алуға мәжбүр болды, — деді ҚРҰБ Төрағасының орынбасары.

Үшінші себеп – шетел валютасына сұраныстың артуы.

— Шетел валютасына сұраныстың оның ұсынысынан айтарлықтай асып түсуі аясында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк 2 желтоқсанда 64,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жүргізді. Бұл алыпсатарлық ахуалдың күшеюіне және айырбастау бағамының тұрақсыздандыратын ауытқуларына жол бермеуге мүмкіндік берді. Банктердің қысқа позицияларына және бейрезиденттердің шығуына байланысты қосымша сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды, — деп түсіндірді Әлия Молдабекова.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.