Қазақстан мен Өзбекстан 200 миллиард теңге көлеміндегі келісімге қол қойды
Поддержать

Қазақстан мен Өзбекстан 200 миллиард теңге көлеміндегі келісімге қол қойды

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің Нұр-Сұлтанға жұмыс сапары аясында өткен Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің IV отырысы барысында машина жасау саласындағы екіжақты келісімдерге қол қойылды.

Келісім отандық жеңіл автокөліктердің шығарылатын үлгілік ассортиментін ұлғайтуды көздейді, қосымша жұмыс орындарын құруға және екі ел экономикасының экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін 160 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, тараптардың келісімдері ауыл шаруашылығы машина жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қамтыды. «Агромашхолдинг KZ» АҚ мен «Ташкент Агро Трактор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық техникасын, атап айтқанда тракторларды өндіру мен сатуды дамыту бойынша стратегиялық серіктестік туралы келісім жасалды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өндірістік кооперация қазірдің өзінде бірқатар табысты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2020 жылдың наурыз айынан бастап Қостанайда «UzAuto Motors» компаниясымен бірлесіп «Chevrolet» маркалы автокөліктерді шығару қолға алынса, биыл «СарыарқаАвтоПром» зауыты «СамАвто» компаниясымен бірлесіп SAZ LE60 автобустарды шығаруда.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.