Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
Поддержать

Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды», — деп мәлімдеді президенттің баспасөз қызметі.

Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылық бойынша 2 236 сотталушы және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адам түрме қабырғасынан босап шығады. 

Біріншіден, 1000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметінің есебінен шығарылады.

Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталғанға және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға қолданылады.

Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен астам тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Қазақстанда 30 жыл ішінде 8 адамға рақымшылық жасалып, олардың төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылған.

 

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.