Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды
Поддержать

Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

– Қасым-Жомарт Тоқаевқа ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өткен Ұлттық халық санағының алғашқы қорытындылары туралы баяндама ұсынылды, делінген хабарламада.

Үкімет басшысының айтуынша, санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны 19 169 550 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 48,71%, әйелдер – 51,29%.

Халықтың орташа жасы – 31,94 жас. Отандастарымыздың 33,97 пайызы 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы 14-28 жас аралығындағы жастар. Ұлттық құрамдағы қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жетті.

Еліміздегі еңбекке жарамды жастағы азаматтардың саны 11 320 410 адамды немесе Қазақстан халқының 59,05 пайызын құрады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.