Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласының мектептерінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері енгізілетінін айтты.
Поддержать

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласының мектептерінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері енгізілетінін айтты.

– Байқоңыр қаласында жұмыс істейтін Ресей мектептерінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндерін оқытуға қатысты Қазақстан тарапының бастамасын қолдағаны үшін Ресейлік әріптестерімізге ризашылығымды білдіргім келеді. Өз кезегінде Қызылорда облысының әкімдігі мектептерді тиісті біліктіліктегі қажетті педагогикалық құраммен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жалпы үйлестіруімен ҚР мен РФ мемлекеттік органдарының бірлескен іс-қимылдарының арқасында қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Бүгінде бізде Байқоңыр қаласы тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту және «Байқоңыр» кешенінің одан әрі табысты жұмыс істеуі үшін бар мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік бар, – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда, Байқоңыр қаласында 12 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 5 мектеп ҚР Білім беру стандарттары бойынша және 7 – РФ Білім беру стандарттары бойынша оқытуда. Мұнда барлығы 9 232 оқушы білім алады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.