Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі қысқартылды
Поддержать

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі қысқартылды

«Отбасы банкі» зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттарын өзгерткенін хабарлады. Енді зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі 20 жұмыс күніне дейін болмақ. Бұрын бұл 45 күн болатын.

– Яғни, арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін 20 жұмыс күні ішінде оларды мақсатты пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз. Банкке келудің қажеті жоқ, – дейді «Отбасы Банк» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Отбасы банкі» БЖЗҚ-дан шотқа қаражат түскеннен кейін клиентке 45 жұмыс күні ішінде баспана іздеуге, мәміле жасауға және сканерленген сату-сатып алу келісімін www. enpf-otbasy.kz платформасына тіркеуге болатынын хабарланды.

3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы жинақталған зейнетақы қаражатын алудың жеткіліктілік шегі екі есеге өсетіні белгілі болды.

Қазақстандық экономистер жеткіліктілік шегінің артуына бірнеше факторлар әсер етті деп есептейді. Олардың ішінде мемлекеттік қарыздың өсуін, экономиканың тұрақсыздығын, шағын және орта бизнеске мораторийдің кесірінен салық түсімдерінің төмендігін атады.

9 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы жеткіліктілік шектерінің әрекетін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

«Отбасы банкі» 16 желтоқсанда зейнетақы қорлары есебінен депозитті толықтыру функциясын іске қосатынын хабарлады. Қазір банк артық жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен депозиттерді толықтыруды енгізуге дайындық жасап жатыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.